Ж.Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасында 2021 жылдың 25 қарашасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және  Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығына арналған «Желтоқсан оқиғасы – Тәуелсіздік бастауы» атты еске алу кеші өтеді.

Кешіміздің қонағы Желтоқсан көтерілісіне қатысушылар. Қазақстанның еркіндігі мен бостандығы жолында бастарын бәйгеге тіккен қанды желтоқсан оқиғасының қатысушыларының ерліктері жайлы естеліктер айтылады.

Шараға сол кездері Желтоқсан көтерілісіне қатысушылар: Абай Абдрахман, Мейір Толеубаев, Жәлел Әуезұлы және Е. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің тарих факультеті деканының орынбасары Нұртас Смағұлов арнайы қонақ ретінде қатысты. Сонымен бірге, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті тарих факультетінің, Қарағанды гуманитарлық колледжінің 1-2 курс студенттері қатысты.
Оқырмандарға «Желтоқсан оқиғасы – Тәуелсіздік бастауы» атты кітап көрмесі ұсынылды. Арнайы шақырылған Ақжан Қалиасқарұлы «Желтоқсан желі» әнін орындады. Ұлттың намысын қорғаған жастардың, сол күнгі ерліктерін, төзім мен шыдамға толы қайсарлықтарына деген құрметпен Секен Тұрысбековтің желтоқсан оқиғасына арнаған «Боздақ» күйін, Республикалық конкустардың лауреаты Мадияр Сүлейменов орындады.
Кешіміз Республикалық конкурстардың лауреаты, дәстүрлі әнші Саян Бодесовтің орындауындағы Мұкағали Мақатаевтың сөзіне жазылған «Қазағым-ай» әнімен аяқталды.