18 қарашада «Парасат жолы» адалдық алаңы орталығында Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасында «ЭкоРазум» виртуалды жастар экологиялық-ағартушылық бірлестігінің жұмысы аясында  «Бізге осы әлемді қорғауды өсиет етті!» атты шарасы өтті.

  Іс – шараға Қарағанды қаласының «Жас натуралистер станциясы» КММ педагогтары мен жас натуралистері және Қарағанды ​​жоғары медициналық интерколледжінің  студенттері қатысты.

      Шара барысында  «Жас натуралистер» станциясының жас мүшелері баяндама жасады, видеопрезентациялар көрсетілді, қатысып отырған оқырмандар викториналық сұрақтарға жауап берді. Кітапхана басшысының орынбасары Шмойлова Н.Ф «ЭкоРазум» виртуалды жастар экологиялық-ағартушылық бірлестігінің негізгі атқарып жатқан жұмыстарымен таныстырды. Көрермендерге «Табиғатты аялайық!» тақырыбында видеоролик ұсынылды.

#Бектуровка #Экомикрофон #Экология #табиғат #ЭкоРазум