Желтоқсанның 12-сінде балаларға қызмет көрсету бөлімі № 45 гимназияда көшпелі іс-шараны өткізді. 11 «А» сынып оқушылары «Жарамсыз іске абай болу» - «Осторожность – не порок» тақырыбына ақпаратпен танысты.

Іс-шаранының жүргізушісі – кітапханашы Жүзбаева Нұрымжан Жұмабайқызы оқушыларды Ж.Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы қорының іс-шараның тақырыбы бойынша кітаптарымен таныстырды, денсаулық туралы халықтың мақал-мәтелдерін келтірді: «Дені саудың – жаны сау», «Денсаулық – зор байлық» және т.б. Денсаулық – адамның ең басты байлығы. Денсаулық дегеніміз – аурулардың жоқтығы ғана емес, ол физикалық шынығудың белгілі бір деңгейі, психикалық және физикалық сәттіліктің негізі. Денсаулықты сақтау мен қайта қалпына келтіру әр адамның өзіне байланысты. Тек қана дені сау, жан-жақты дамыған, білімді адам өзінің және өз елінің тағдырының иесі бола алады. Кітапханашы Қазақстан бойынша және Қарағанды облысы боынша ЖИТС туралы мәліметтермен таныстырды.

ЖИТС туралы толығырақ ақпаратты ЖИТС-тың алдын алу және күресу жөніндегі облыстық орталығының маманы – психолог Балғымбекова Динара Маратқызы айтты. Ол Қарағанды қаласында ЖИТС-тың алдын алу және күресу жөніндегі облыстық орталығы жұмыс істейтіндігі туралы, осы орталықтың мамандарына аурудың алдын алу және оны емдеу жөніндегі кез келген сұрақтарды қоюға болады деп хабарлады. Кез келген уақытта коңырау шалуға және өзінің мәселелерін айтуға болатын сенім телефоны жұмыс істейді. Нақты және білікті ақпарат – асқынған ауруға қарсы күшті қару.

Желтоқсанның 13-інде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнінің қарсаңында балаларға қызмет көрсету бөлімі «Отанымды сүюмен жырлаймын» - «Пою и славлю Родину мою» тақырыбына әдеби дастархан іс-шарасын өткізді. Іс-шараға № 102 гимназияның 7 «А» сынып оқушылары шақырылды. Барлығы 35 адам қатысты.

Мерекелік шара жүргізушісі біздің еліміздің азаматтары үшін 16 желтоқсан – аса маңызды күн, тарихымыздың ескі кезеңі аяқталып, Республика дамуының жаңа кезеңі басталатындығын білдіретін күн деп айтты. 

Қарағанды қаласының гуманитарлық колледжінің оқытушысы  Аяганов Алтай Бадиевич өзінің тәуелсіздігін алу үшін Қазақстан бірлігі арқасында көптеген қиындықтардан өтіп, елдігін нығайтып, барлық ауыртпашылықтарды жеңіп шықты деп айтты. Біздің ата-бабаларымыз армандаған тәуелсіз Қазақстан заманауи қазақстандықтар үшін көп ұлтты қоғамдағы шынайы құндылықтарға айналды.  Ата-бабаларымыз болашақ  ұрпаққа Отанды қорғау, атамекенді аялауды, ел үшінгі күресте жан аямауды аманат етті.

Балалардың орындауында атақты қазақстандық ақындардың Отанымыз  – Қазақстан тақырыбына жазған өлеңдері айтылды. 

Шараның барысында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне арналған слайд-тұсаукесер көрсетілді. 

Мерекелік іс-шараның соңында жүргізуші өскелең ұрпағымыз мемлекеттік тілді, халқымыздың мәдениетін, тарихы мен салт-дәстүрлерін біліп, құрметтеп, Қазақстанның күшті, өркениетті мемлекетке айналдыруына барлық күштерін салып бой көтереді деп үміт білдірді.

«Елдіктің ерендігі-Егемендік» атты облыстық  «БОТА-Эрудит»зияткерлік  сайысы.   

Желтоқсан айының 12-жұлдызында Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасының «Көпшілікпен байланыс бөлімі» және «БОТА» жио қызметкерлерінің ұйымдастырумен «БОТА-Эрудит» зияткерлік ойыны өтті. Қазақстан Тәуелсіздігі күнінің құрметіне өткен танымдық ойын  3 бөліктен, 4 категория бойынша жалғасты. Ойынға Қарағандыдағы қазақ,орыс мектептерінен 4 топ қатысты. Олар Қарағандыдағы М.Жұмабаев атындағы№39- Қазақ орта мектебі, «Болашақ» деген атпен  № 16-қазақ мектебі және «Чингизята»№48-мектеп пен «Лидеры»деген атаумен №53 орыс орта мектебінің жоғарғы сынып оқушылары бақ сынасты. Қазылар алқасына кітапхана басшысы Нұргүл Қасымханқызы Қаленова, Сазгер, ҚР Журналитер одағының мүшесі Бақытқали Мұсабеков, Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университетінің порфессоры, философия ғылымының доқторы Алма Мырзабекова, Ақын, Қарағанды «Болашақ» колледжінің аға оқытушысы Іляс Мұқай және кітапхананың иновациялық-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Гүлнар Алдоңғарова мен есептік сарапшы ретінде кітапхана суретші-дизайнері Нұризат Сейсенбекова таңдалды.  Зияткерлік білім сайысын «Көпшілікпен байланыс бөлімінің» меңгерушісі Надежда Шмойлова мен кітапхана маманы Руслан Нұрбай жүргізді.

Әр категория бойынша мысалы; «Ұлт көшбасшысы», «Астана», «Экспо», «Рухани жаңғыру» бөліктері бойынша сауалдар қойылды. Әр сауалдарға ұпайлық есеп қойылды, сұрақтар елдің алдында таблоға шығып тұрды. Белгілі уақытпен, белгілі ұпай сандары бойынша әділ-қазылар шешім шығарып отырды. Ойын барысында Қ. Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің әншісі Құрмаш Ыбышев өнер көрсетті. Сондай-ақ, қазылар шешімі шыққанша жанкүйер боп келген мектеп оқушылары да ән айтудан қалыс қалмады. Кітапхана жанындағы «БОТА» жио жастары Манап Ерғали мен кітапхана қызметкері Ерасыл Мүскінов тақырыпқа байланысты ән-шауын тарту етті.

Әділ қазылар шешімімен ұпайлар салыстыру, үй тапсырмалары мен шешендік өнер сарапқа салынып 190 ұпаймен №53 - орыс орта мектебі жеңіске жетті. Аталған мектеп осымен үшінші рет өздерінің белсенділігін танытты. Яғни, ойын тәртібі бойынша біліктіліктің «ҮКІ» белгісін үш рет алған топқа сол кәдесый біржола беріледі. Сөйтіп, «ҮКІ» мүсінде танымдық тәжірибесі бар №53 - мектеп ұжымына тартылды. Барлық мектеп ұжымдары мен қазылар алқасының мүшелеріне кітапхана ұжымы атынан бағалы сыйлықтар; бірінші орынға «Бүркіт» плакеткасы мен портфельдер, қалған қатысушыларға «Шаңырақ» сый-табақшалары мен ескерткіш папкалары үлестірілді. Мектеп басшылықтары мен алқа мүшелеріне «Алғыс хаттар» табыс етілді. 

 «Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы» КММ желтоқсан  айының  04-жұлдызында  Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Латын қарпіне көшу - болашақтың бағдары» атты әңгіме-шолу сағаты ұйымдастырылды. Іс-шара келесідей мақсат-міндеттерді негізге ала отырып өткізілді:

  • Жастар арасында латын қарпіне көшу мәселесін талдау;
  • Жастар арасында латын қарпіне көшудің тиімділігін ұғындыру;
  •  Бекітілген латын қарпі негізінде жұмыс жасау;
  • Кітапхана қорындағы  латын қарпіндегі кітаптарды оқырмандар назарына  ұсыну.

Латын әліпбиінің нақты нұсқасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы № 569 Жарлығымен бекітілгендіктен шараға қатысушылар латын әліпбиімен тікелей жұмыс жасады. Шағын латын қарпінің бекітілуі туралы бейнероликтен бастау алған іс-шара барысында жастар алдын-ала дайындалған мәтіндерді латын қарпімен жазды, №65 жалпы білім беретін мектеп оқушылар тіл туралы өлеңдерін оқыды. Сирек кітаптар мен қолжазбалар және мұражай жәдігерлері секторының меңгерушісі Шпанова Жанат Рымкуловна Ж. Бектұров мұражайының кітап қорындағы 1929-40 жылдары жарық көрген латын қарпіндегі кітаптармен таныстырып, шолу жасады. Аталмыш кітаптардан келген оқушылар мәтіндер, өлеңдер оқып, тақтаға жазып, қазіргі бекітілген латын қарпінен айырмашылығын талдап, талқылады. Сонымен қатар іс-шара қорытындысы ретінде оқушылар латын қарпінде жазылған сұрақтарға құрылған сөзжұмбақты шешіп, жауабын латын қарпінде жазды.

Іс-шара латын қарпінің тілімізге енгізілуі еш қиындық тудырмайтынын, жастар оңай әрі жылдам меңгеріп кететінін тағы бір мәрте дәлелдеді. Іс шара соңында  Сирек кітаптар мен қолжазбалар және мұражай жәдігерлері секторының қызметкері  Хумарбек  Ербұлан Әуезұлы Ж.Бектұров мұражай кабинетіне экскурсия жасады.

Қарағанды қаласындағы «химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі» филиалының әкімшілігі 2017 жылдың 22 қарашасында Ж. Бектұров атындағы Облыстық жасөпірімдер кітапханасының қызметкері, «БОТА» ЖИО жетекеші маманы, ақын Руслан Нұрбайды «Ғылыми сәрсенбі» жобасы аясындағы іс-шараға дәріс оқушы ретінде шақырды.

Жалпы, жастар шығармашылығы мен олардың тәрбие-тәлім әрекеттерін, интелектуалды дамуына қалай әсер етуге болатыны жайында біраз мағұлматтар берілді. Кездесуге жиналған жетінші-сегізінші сынып оқушылары өздерін мазалайтын сауалдарын қойды. Кітапхана ішінде жұмыс жасайтын «БОТА» жастар интелектуалды орталығының жұмыстары баяндалды. Елбасының «Болашаққа бағдар; Рухани жаңғыру» мақаласы төңірегіндегі тың ойлар айтылды. Руслан Нұрбай балалар санасына сіңімді өлеңдерін оқып, шәкірттерге шығармашылық бағыттар ұсынды.

Оқушылармен бірге кездесуге келген мектеп мұғалімдері мен ата-аналар өз ризашылықтарын білдіріп, осындай кездесулер жиі жалғасын тапса деген ниет білдірді. 

 

Ж. Бектұров атындағы жасөспірімдер кітапханасының жанынан құрылған БОТА жастар интелллектуалді орталығының ұйымдастыруымен  2017 жылдың 7 желтоқсан күні, сағат 15:00-де «Үміт» балаларды оңалту орталығында «Жан жылуы» қайырымдылық акциясы бойынша «БОТАдан ботақандарға» атты әдеби - сазды кеш өткізді.

«БОТА» жастар интеллектуалды орталығының мүшелері сахынаны шар және гүлдермен сәндеді. Жүргізушілер Еламан Амирғазы және Қуаныш Мейрамқызы болды. Аталмыш іс-шарамызда Ж. Бектұров кітапханасы және «БОТА» ЖИО туралы балаларға мәлімет айтылып, таныстырылып өтті. Жазушылар одағының мүшесі, ақын Руслан ағамыз сөз сөйлеп, өз шығармашылығынан өлең оқып кезекті «БОТА» ЖИО мүшелеріне берді. Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерінен Қарабек Айгерім «Пай, пай Өмір!», Хумарбек Еркебұлан «Қазақстаным» өлеңдерін, Құлпынай Жасарал Ф. Оңғарсынованың  «Мен сені аялап өтем, Өлең», Мейрамқызы Қуаныш Анна Ахматова және Мария Цветаевалардың шығармаларынан өлең оқыса, Ахметов Нариман Сұлтанмахмұд Торайғыровтың  «Мен Қазақпын!», Гакку Жұмабекова Жадыра Байбуланованың «Мен сені сүйемін, Өмір!», Еламан Амирғазы өз шығармашылығынан «Әрбір қыстың өзіндік бар көктемі» өлеңдерін оқыды. Мускинов Ерасыл «Балапаным менің», «Бол жанымда», Ерғали Манап «Қазақ жігіттері», Рахимжанова Рауана  «Қайда» және «Сарыжайлау», Бөртебаев Мақсат «Туған жер», «Қазақстаным менің», «Земля моя» әндерін шырқаса, Ғабдұлла Диас Нұрғиса Тілендиевтың шығармашылығынан «Аққу» және «Папури» күйлерін тартып балалардың домбыраға деген қызығушылығын бір оятты. «Ынтызар» би ансамблінің бишілері «Қазақ биін» билеп кешіміздің шырайын одан әрі кіргізді.  Сондай-ақ, Ахметов Нариман балғын сәбилердің көңілін көтеру мақсатында сайқымазақ болып киініп, арнайы ойындар ойнатқызды. «Үміт» оңалту орталығының емделуші  балалары ақын А. Құнанбаев, М. Мақатаев  және Ф. Оңғарсыновалардың өлеңдерін жатқа оқыды. Кеш соңында «БОТА» ЖИО мүшелерінің «Үміт» оңалту орталығының емделушілеріне арнап алған сыйлықтарын және «Қасым» журналын табыс етті. Кеш соңында «Үміт» оңалту орталығының бөлім меңгерушісі сөз сөйлеп, өзінің кітапхана ұжымына және «БОТА» ЖИО  деген жылы лебізін білдіріп, ұжымға шығармашылық табыс, ұтымды еңбек тіледі. «БОТА» жастар интеллектуалды орталығының мүшелеріне шығармашылық табыс, тек биіктерден көрініп, жетістіктерге жете беруін, осындай үлгі тұтатын іс-шараларды көптеп атқара беруіне тілекші екенің білдірді.

Ж. Бектұров атындағы жасөспірімдер кітапханасының жанынан құрылған БОТА жастар интелллектуалді орталығының ұйымдастыруымен  2017 жылдың 15 қараша күні сағат 12:00 бастап «БОТА жастарды шақырады» ашық есік күні өтті.

Іс-шарамыз мына бағытта жүргізілді:

- Кiтапханаға саяхат.

- Шеберлік сыныптары:

 Қолөнер бұйымдарын жасау, мəнерлер оқу, мake-up жасау, маникюр жасау.

- Өнерпаздар алаңы.

- Əдеби кеш.

Сағат 12:00 ден бастап келген қонақтарға кітапханаға саяхат жасап, кітап қорымен таныстырып, оқырмандарды қабылдап, кітап оқуға тарту насихаты жүргізілді. Әр бөлімде орналасқан шеберлік сыныптар бойынша жастар өздеріне ұнаған сыныптарға қатысты. Мысалы, қыздар жағы мake-up, маникюр жасау шеберлігін тамашаласа, жігіттер жағы және басқа да қыздар мәнерлеп оқудан, ән айту, домбыра тартудан шеберлік танытып жатты.

Сағат 14:00де әдеби – сазды кеш басталды. Алғашқы сөз кезегі, кітапхана басшысы Қаленова Нұргүл Қасымханқызына берілді. Кеш басысында, орталықтың алғышқы кезінен бастап, бүгіңгі күнге дейінгі тарихынан сыр шертілді, бейнебаян тамашаланды. «БОТА» орталығының алдыңғы аға буындары жылы лебіздерін білдіріп, өз шығармашылықтарынан өлең оқыды. Кештің ұйымдастырушылары, яғни, қазіргі жас боталықтар кешті әрі қарай өз өнерлерімен жалғастырды. Ерік Нарын, Бақыт Шотұлы, Сұлтан Қазиев өз өлеңдерін оқыды. Сондай-ақ, Құлпынай Жасарал және Қазиев Сұлтан және Жансая Кабеновалар монолог оқыса, Ибраев Дәуреннің орындауында « Туған жер», Сағымбекова Диана «Тұмарым» әндерін шырқап берді. «БОТА» орталығының тағы бір белсенді мүшесі Ерғали Манап өз шығармашылығынан тыңдармандарға жол тартып отырған, әні де, сөзі де, орындаушысы да өзі болатын «Сағыныш» әнін алғаш рет орындады. Көңілді тапқырлар клубы да кеш қонақтарына жарасымды әзіл сыйлап көңілдерін бір көтерді. Айтулы іс-шарамыз, ақын ағамыз Руслан Нұрбайдың орталыққа арнап шығарылған «Талқармау» өлеңін Ербұлан Хұмарбектің мәнерлеп оқуымен аяқталды. Осылай мерекелік кешіміз өз мәресіне жетті. Кеш соңында қонақтарға дәм берілді.

Қарашаның 29-ында балаларға қызмет көрсету бөлімінде  «Құлыншақ» балалар үйінің тәрбиеленушілерімен оригами бойынша сабақ өткізілді. «Жас оқырман»- «Юный читатель» үйірмесінің жұмысы аясында балалар қызғалдақтар, көкнәр, бақытгүл, гортензия гүлдерін жасауды үйренді.  Балалардың жұмыстары Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Гүлдей бер, менің Қазақстаным!» атты панно безендіруде пайдаланылды. Дайын панноны балалар мерекелік іс-шарада ұсынды. 

2017 жылдың қарашасының 28-жұлдызында Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасында Астана уақытымен 14 сағатта Қ.Р. Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Оn-line режимінде бірлесе пікірлескен танымдық кездесу болды.  Виртулды интелектуалды жүздесуге Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы, Қарағанды қаласының М.Әуезов атындағы Орталық қалалық кітапханасы, Теміртау қаласындағы Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығы және Алаштың алыс түпкірінен Ақтөбе облыстық С.Жиенбаев атындағы жасөспірімдер кітапханасы ат салысты.  Жалпы бұл шараның мақсаты; Елбасының ұстанымын, халық үшін жасаған ерен еңбегін үлгі етіп, жастарды Отанын, халқын, жерін сүюге, батылдыққа, азаматтыққа, патриоттыққа тәрбиелеу болып табылады.

Кітапханасының мәжіліс бөлмесінде  «Халқым деп соққан жүрегі»  кітап көрмесі қойылды. Шараның көрермені ретінде; Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университетінен 2-003 жалпы медицина тобыны студенттері, аға оқытушылары Әбдрахманова Кәмшат пен Аралбай Сәкен, Қазтұтынуодағы Қарағанды Экономикалық Университетінің студенттері, №1 және №45 мектеп-гимназиясының жоғарғы сынып оқушылары, кітапхана оқырмандарынан құралған «БОТА» жастар интелектуалды орталығының мүшелері қатысты.

Пікірталас әңгіме Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаудан бастады. Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығы аудиториясының модераторлары мен Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапхана аудиториясының модераторлары қызу кірісті.

 Сөз бастап, бақылау жасаған Ж. Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының басшысы Қаленова Нұргүл Қасымханқызы,  сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясының мүшесі, «Қазақ халқының мұрасы» кітабының авторы  Жұмжұмаев Нұржан Сұршаұлы, Академик Е.А. Бөкетов атындағыҚарағанды мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, с.ғ.м., саясаттанушы Айдос Бәдел, Ақтөбе облыстық С.Жиенбаев атындағы жасөспірімдер кітапханасы аудиториясының модераторлары сауалдарға жауап беріп, Елбасыға арнау өлеңдерін оқыған оушы жастар белсенділік көрсетті. Тұңғыш Президент күнімен құттықтау, сәлемдесу мен өзара таныстыру бөлімінен кейін қызу сұрақ-жауаптар уақыты іске қосылды. Әсіресе, Қарағанды Медицина  Университетінің ұстазы философия ғылымдарының докторы Алма Шайымқызы Мырзабекова елбасының мақаласы жайында екі тілде тұшымды түсініктеме беріп, бағыт бағдар көрсетті.

Тізгінді Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапхана аудиториясының модераторы алып, іс-шараға арнайы дайындалған сұрақтарды талқылауды бастады. Сұрақтар тақырыпқа байланысты және қазақ-орыс мектептерінен түскен ұсыныстарға байланысты екі тілде жолданды, мысалы; Елбасының мазмұнды мақаласы сіздерге қандай серпіліс сыйлады? Осы мәселе жөнінде сөз қозғасақ. Әр тарап өздеріне берілеген уақыт бойынша сұрақтарды талқылап, жауап беріп отырды. Қатысушы жастар да сұрақтан тыс қазіргі саяси жағдайларға пікріп білдіріп, оларға саясаттанушы,  әдебиеттанушы, өнертанушы  азаматтар құнды мәліметтерін ұсынды. Тұңғыш Президент тақырыбы кеңінен талқыланды. Сөз соңында модераторлар екі сағаттық саяси-әлуметтік-қоғамдық әңгімелер жөнінде қортынды сөздерін білдіріп, бір-бірлеріне алғыс айтып, осындай рухани танымдық тақырыпқа әлі талай оралатындарын жеткізді. Ж. Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының көпшілікпен байланыс бөліміндегі «БОТА» жио да «Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру». мақаласында Қазақстан Мемлекет басшысы жаһандық үдерістердің ықпалын елеп-ескеріп, халықтың мәдени-рухани жаңғыруына сеп болар ілкімді жобалары екендігін, Нұрсұлтан Назарбаевтың халықтың мәдени мұралары мен құндылықтарын сақтап, елдікті нығайту жолында көтеріп отырған бұл бастамалары өте өзекті әрі өміршең деп бағалауға болады-деп таниды.   

Қарашаның 23-нде балаларға қызмет көрсету бөлімінде № 45 гимназияның  4 «Ә» сынып оқушыларымен «Ғасыр құпиялары» - «Тайны мировых столетий» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.

Ғажайып феномендер, жұмбақ құбылыстар туралы көптеген кітаптар жазылды, ғалымдар мен зерттеушілер әлі күнге дауласып жүр. Шолу барысында балалар жеріміздің ғажайыптары мен жұмбақтары туралы кітаптармен  танысты.   «Жаңалықтар кітапханасы» сериясына жататын кітаптар ұлы жаңалықтар, тарих пен табиғаттың жұмбақтары, атақты тұлғалар мен адамзат тарихындағы ең қызықты оқиғалар туралы баяндады. «Құпиялар мен жұмбақтардың үлкен балалар энциклопедиясы» балаларды мұхиттар, ежелгі дүние құпияларымен қызықтырды. Балалар аса қызығушылықпен И.В. Можейконың әртүрлі замандардың оқиғалары мен мәліметтері жөніндегі «Тайны нового  времени», «Тайны Древнего мира», «Тайны средневековья» кітаптарын қарады. Кітаптарға шолу өткізілгеннен кейін балалар «Қазақстанның табиғат құпиялары мен жұмбақтары» туралы роликті тамашалады.