20 қаңтар күні кітапханада Р.Т.Бағланованың 95-жылдығына арналған «Таңқаларлық музыка құдіреті» - «Чудесная сила музыки» атты музыкалық сағат өтті. Балаларға қызмет көрсету бөлімінің қызметкерлерімен дайындалған іс-шараға М.Жұмабаев атындағы № 39 гимназияның 6 сынып оқушылары қатысты. 

Іс-шараның басында балалар музыкалық сағаттың қонақтары - Қазақстанның құрметті журналисті, ҚР Мәдениет озаты Мұхамедқали Баймуханов-қажымен, күйші, халық музыкасын насихаттаушы Қайролла Садуақасовпен, Сортировка поселкесінің Теміржолшылар мәдениет үйінің басшысы Еркебұлан Қалиевпен танысты.

Іс-шараның қонақтары дәуірдің ұлттық нышаны – Роза Тәжібайқызы Бағланова туралы әңгімелеп берді.Роза Тәжібайқызының репертуарында қазақ халық әндері, қазіргі композиторлардың әндері, басқа халықтардың шығармалары (өзбек, әзербайжан, венгр, чех және басқалары) болды. Оқушылар әншінің орындауындағы «Ахау Семей» әнін тыңдады. Винил күйтабағына жазылған Р.Т.Багланованың дауысы аудиторияға үлкен әсер етті. Әнші репертуарындағы бүкіл халық сүйетін «Ах, Самара-городок» әнін М.Жұмабаев атындағы № 39 гимназияның 3 «В» сынып оқушысы Қалижан Айзере орындады. «Айна көл» халық әнін Қалиев Еркебұлан орындады.

Мұхамедқали Баймухан-қажы өзінің «Абылай заманы» авторлық кітабын кітапханаға сыйлады.

Музыкалық сабақтың тақырыбына сәйкес кітап көрмесі безендірілді. Бұл көрмеге жасөспірімдерге қызмет көрсету бөлімінің қызметкері шолу жасады.

Жүргізуші іс-шараны қорытындылап, ұлы әншінің қазақ ән өнеріне қосқан зор үлесі ұрпақтардың есінде мәңгілік қалады деп айтты.