Ақпанңың 7-нде кітапханада балаларға қызмет көрсету бөлімінде 45 гимназияның 4 «Ә» сынып оқушылары үшін Кенесары Қасымовтың 215- жылдығына арналған әңгіме және Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесі бойынша «әдеби саяхат» өткізілді.

Азаттыққа қол жеткізу үшін ортақ жауға қарсы үш жүздің күш біріктіре күрес жүргізген  Кенесары Қасымұлына арналған «Ұлы Дала рухы» атты тақырыптық сөренің алдында кітапханашылар  Қазақ хандығының соңғы ханы жайында айтып өтті.

Содан кейін кітапханашылар балаларды ұлт-азаттық қозғалысының көсемі Кенесары Қасымұлының өмірі мен қызметі туралы әдемі безендірілген суретті кітаптармен танстырды, слайд-шоу көрсетті.

Б. Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесімен танысу үшін балалар кітапханашылармен бірге «Әдеби саяхатқа» аттанды. «Менің атым Қожа» повесі қарапайымдылыққа, нанымдылыққа туған. Бұл повесінде жазушы балаларға бала болып сырын ашады, өзінің бар болмысын, жамандығын да, жақсылығын да жасырмай жазады. Повесте кішкентай Қожаның мектеп жасындағы бастан кешкен әр түрлі қызықты оқиғалары балаларды қызықтырды.Ол қанша бұзықтық жасаса да жақсы адам болуға талпынысы болды. Қожа өзінің мінезін, тәртібін өзгертуге тырысты. Қожа – ашық мінезді, арам пиғылы жоқ, ақкөңіл бала. Хикаят жалпы оқырман қауымға түсінікті тіл қарапайымдылығымен ерекшеленеді. Балалар сұрақ-жауап сайысының повеске байланысты сұрақтарына үлкен ынтамен жауап берді. Сондай-ақ, балалар режиссер Абдулла Қарсақбаевпен 1963 жылы түсірілген «Менің атым Қожа» фильмінің үзінділерін тамашалады. Кітапханашылар балаларды бас рольдерді ойнаған актерлермен таныстырды, фильмнің 1967 жылы Франциядағы Канн фестивалінің арнаулы сыйлығымен марапатталғаны туралы баяндап берді.

Іс-шараның соңында оқырман билеттері балалар қолына берілді.