2017 жылдың 1 наурызында «БОТА» жастардың интеллектуалдық орталығының және «Іңкәр» эксперименттік театр клубының мүшелері «Қайырымдылық керуені» акциясының аясында кітапханада Алғыс айту күніне орай «Болашақ бүгіннен басталады» бағдарламасын ұйымдастырды.

Іс-шараға Қарағанды кәсіптік-техника және техника-құрылыс колледждерінің студенттері, «БОТА» жастардың интеллектуалдық орталығының және «Іңкәр» эксперименттік театр клубының мүшелері, кітапхананың оқырмандары
мен қызметкерлері қатысты. Барлығы 65 адам жиналды.

Жүргізушілер: Мейрамова Қуаныш, Жасарал Құлпынай.

Қонақтардың назарларына «Қазаққа дарқан рахмет! Салт-санасын сіңірген» атты кітап пен сурет көрмесі және «Қазақстан халықтарының достығы» атты бейнеролик ұсынылды. Сондай-ақ, қатысушылармен сұрақ-жауап сайысы және «Алғыс айту философиясы» тақырыбындағы психологиялық тренинг өткізілді. Мускинов Ерасыл мен Қанат Көшкінбай өлеңдер мен концерттік бағдарламаны ұсынды. «Іңкәр» эксперименттік театр клубының мүшелері «Рахмет!» айтуды үйреңіздер» тақырыбындағы театрландырылған қойылымды көрсетті.