Наурыздың 16-сында «Көкжиек» - «Горизонты» Мемлекетаралық жобасының аясында біздің кітапханада Курган (Ресей) және Қарағанды (Қазақстан) қалалары поэзия клубтарының «Уақыт – жастар – шығармашылық» оn-line-кездесуі өтті.

Модераторлары: Қарағанды қ. – Ж.Бектұров атындағы ОЖК директорының орынбасары Ольга Николаевна Волкова, классикалық және орыс филологиясы кафедрасының доценті Лариса Михайловна Харитонова және журналист, жазушы Акниет Сабитович Бексеитов.

Қатысушылар: 50 адам – «БОТА» жастардың интеллектуалдық орталығының мүшелері, «Поэты Караганды» әдеби бірлестігінің мүшелері,  № 45 гимназияның, № 101 мектеп-лицейдің жоғары сынып оқушылары, Қарағанды коммерциялық колледжінің студенттері, қиялшыл - жазушы Дмитрий П, ақын Вадим Ким, Ж.Бектұров атындағы ОЖК қызметкерлері. 

Модераторлары: Курган қ. –Курган облыстық жасөспірімдер кітапханасы КОЖК МКМ директоры Пичугина Любовь Михайловна, директордың орынбасары Акимова Светлана Александровна, кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Лимаренко Светлана Сергеевна.

Қатысушылар: 30 адам - «Автограф» шығармашылық клубының мүшелері, әдеби бірлестіктің мүшелері, Ресейдің Жазушылар одағының мүшесі Танаева Марина Николаевна, кітапхана қызметкерлері.

Екі елдің жастары нақты уақыт тәртібінде танысты. Поэзия жастарды біріктіріп, бұл кездесудің түйісу нүктесі болды. Аудиториялар бір жарым сағат ішінде қызықты тақырыптарды қызу талқылап, бір-біріне сұрақтар қойып, қойылған сұрақтарға толыққанды жауап беріп, өлеңдерді құмарлана орындады. Екі жақтағы модераторлар әңгімені дұрыс бағытқа бұрып, өз көзқарастарын айтып, пікірсайысқа белсене араласты. Кездесудің барысында жастар жағымды сезімдерге бөленді, алдағы уақытта шығармашыл қарым-қатынастар мен ынтымақтастықты жалғастыра дамыту керектігін айтты.