30 наурызда Ж. Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында  «Famous Books» әлем әдебиетін сүйіп оқушылар клубы  аясында парсының әйгілі лирик ақыны Ширази Шамсиддин Хафиз шығармашылығына арналған әдеби сағат өтті. Іс-шараға көпсалалы гуманитарлық колледжінің ТОРАТ-16-1және 2 курс студенттері қатысты. Шара басында кітапхананың  әдіскерлік бөлімнің меңгерушісі Г.М. Алдонғарова мен жасөспірімдер қызмет көрсету бөлімнің меңгерушісі Б.Қ. Мурзатаева Шығыс шайырларының бірегейі Хафиздің өмірбаянына тоқтала отырып,  өлеңдерін оқыды. Кітапхана қорындағы Шамсиддин Хафиздің шығармашылығы туралы әдебиеттерге шолу жасап өтті. Сондай-ақ орыс тіліндегі аудармалары бейнетаспасы көрсетілді. Кітапханамыздың қызметкерлері Руслан Нұрбайұлы мен Мираш Аян қазақ поззиясының падишасы Абайдың, Шәкәрімнің аудармасына, әлем әдебиетінде Гете, Фет аудармаларының маңыздылығын баяндап, ғазалдарын оқыды. Сондай-ақ іс-шараға қатысқан студенттер кітапханамен танысып, басқа да ақпараттарға құнықты.