Сәуірдің 18-інде сағат  12-00 «Білім көкжиегі» атты Жастарға арналған кітап апталығы ашылды.

Орталық әмбебап дүкенінің алдындағы алаңға Қарағанды қаласы колледждерінің студенттері, қызығушылық танытқан әрлі-берлі өтушілер, БАҚ өкілдері жиналды.

«Білім кітапта» және «Чтение - вот лучшее учение» ұрандарымен Либмоб өткізілді. Содан кейін «Где? Где? В Караганде!» атты Өлкетану квест-ойыны басталды. Ойынға «Фемида» колледжінің «Историки», Медициналық колледжінің «Камелот» және Тәттімбет атындағы өнер колледжінің «Элита» командалары қатысты.

Құрамында кітапхана қызметкерлерінен алып жүруші болатынан команданың ойын шарттарының түсініктемесі мен  шифрлы кілті бар конвертті алып, командалар тапсырманы орындау үшін қала бойынша жүгіріп кетті. Квест тапсырмаларының сұрақтарына жауаптарды балалар Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайынан, С.Сейфуллин атындағы облыстық қазақ драма театрынан, Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайынан, «Әлізан Ермеков» Кітап үйінен іздеді. 

Осы ұйымдардың басшылығы өз аумағында квест ойынының кезеңдерін өткізуге келісті. Сондай-ақ осы ұйымдардың әрқайсысы демеуші болды және кітапханашылардың ойынша кітапханамыздың қабырғасындағы Жасөспірімдерге арналған кітап апталығының қорытынды күнінде, яғни 25 сәуір күні салтанатты тапсырылатын қатысушыларға арналған сыйлықтарды ұсынды.

Тапсырманы орындаған командалар кезекпен кітапханаға келді және 2017 жылдың мерейтой иелері – жазушылар – Ш.Мұртаза, З.Шашкин, Ғ.Мүсірепов шығармашылықтарына арналған «Уақытпен сұхбаттағы жазушылар» дөңгелек столы – Аптаның бірінші күнінің тағы бір іс-шарасының қатысушылары болды.

Барлық команда кітапхана маңында жиналғаннан кейін – оларға кітапхананың тікелей тарихына қатысты қорытынды тапсырма ұсынылды. Ойынның қорытынды кезеңі туралы толығырақ айта кетсек. Сонымен, Ж.Бектұров атындағы мұражай-кабинеттен өтіп, балалар адамзат онсыз күн көре алмайтын мұражай экспонаттарының арасынан 5 затты табуы тиіс. Осы заттардың маңыздылығын өзара байланыстыру. Заттарды таңдаған әр топ өз нұсқасын негіздеуі тиіс. Жауапта келесі заттар жиыны болды: теледидар (көру), телефон (араласу), радио (есту), кітап (білім), сағат (уақыт-өмір). Командалар тапсырмаға шығармашылық жағынан келді және нәтижесінде ... заттар жиыны дайындалған жауаппен мүлдем сәйкес келмеді. Алайда бұл тапсырманың ең қызығы болды сірә. Әсіресе балалар өз таңдауын негіздей бастағанда, біз өз жауабымызға бір секундқа да күмәнданбаған аға ұрпақ балалардың нұсқассының өмір сүруге құқығы барын мойындадық. Мысалы, ыдыстан және кен кесегінен өз таңдауын түсіндіріп, балалар аламзат тамақсыз өмір сүре алмайтынын, ал материалдық игілік жер қойнауы арқылы өтетінін, себебі бұл бензин, жарық және тағы басқалары екенін айтты. Мұнда бірдеңе бар...деп өскелең ұрпақтың парасаттылығына құрмет беріп, өзіміз туралы ойландық. Ал өмірлік қажетті зат ретінде кітапты үш команда да таңдағаны анықталған сәт ең үлкен қуанышты әкелді! Ал бұл Жасөспірімдерге арналған кітап апталығының және жалпы өмірдің жалғасы міндетті түрде болатынын білдірді!

P.S. Әрине кітапхана қызметкерлері бір кесе шайсыз қонақтарын қалай жібере алады, оларға кофе-брейк дайындады. Көңілді және еркін әңгімелесу кезінде балалар алған әсерлерімен бөлісті. Бірнеше километр жерді жүріп шығуға тура келгеніне қарамастан, ойын толығымен команданы қамтыды, тартымды, қызықты өтті. Балалар мұндай іс-шараларға тағы да қатысуға дайындығын айтты. Команда қатысушылары қаламыз және облыстық жасөспірімдер кітапханасы туралы көптеген қызықты оқиғаларды білді, оларға кітапхананың тапсырмасын орындау кезінде пазлдардан құрастырылған «Іздеу. Шығармашылық. Даму» ұраны ұнады. Бұл ұран балалардың өмірлік жолында жол деп үміттенеміз!