Сәуір айының 20-сында балаларға қызмет көрсету бөлімі «Пусть книги друзьями заходят в дома» атты әдеби квестін өткізді. Ойынға № 48 ОББМ  4 сынып оқушылары қатысты. Сценарий сыныптан тысқары оқуға арналған әдебиеттер тізімі бойынша жасалған (А. Погорельский «Черная курица, или Подземные жители», В. Одоевский  «Городок в табакерке», Толкиен «Хоббит, или туда и обратно», Д. Дефо «Робинзон Крузо», К. Чуковский  «Серебряный герб», А.П. Чехов «Каштанка», А. Куприн «Белый пудель», И. Алтынсарин  «Умный мальчик», А. Кунанбаев  «Слова назидания», Ю.К. Олеша «Три толстяка»).

Ойын балаларды қатты қызықтырды. Олар маршруттық картаны, шифрланған жазуды және олардан көмек сұраған әдеби кейіпкер – Робинзон Крузодан бөтелке ішіндегі хатты алды. Содан кейін балалар, командаларға бөлініп, жүргізушілердің көмегімен кітапхананың әр жерінде орналасқан қызықты оқиғаларға толы кітап станцияларымен өтті. Тапсырмаларды орындау үшін балалар барлық күштерін салды. Олар сөздіктер мен каталогтар бойынша ақпаратты іздестірді, әдеби сұрақ-жауап сайыстарының сұрақтарына жауап берді, жылдамдыққа пазлдарды жинады,  «кедергілер алабынан» өтті. Іс-шараның соңында балалар құпия жазуын ашып оқып және Робинзон үшін қазына картасын тауып, ойынның ең басты тапсырманы орындады. Соңғы станцияда балалар сыйлықтармен марапатталды. 

Квест түрінде өткізілген ойын балаларды қызықтырып, оларды мәз- мейрам қуанышқа кенелтті. Балалар өздерінің әдеби білімдерін танытты, кітапхананың көптеген бөлімдеріне, оның ішінде Жайық Бектұровтың мұражайына барды, танымдық экскурсияға қатысты, кітапханаға есімі берілген жазушының шығармашылығымен танысты.