20 мамырда сағат 10-00-де «Шахтер» стадионында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздерінің 25-жылдығын, Қазақстанның БҰҰ-на мүше болғанына  25 жылдығын атап өту, «Астана ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандырылған көрмесін өткізу және Ж.К.Бектұровтың туылғанына 105 жыл толуына сәйкес ««БОТА» жастары спорт әлемінде» футбол матчы өткізілді.  Кубок үшін тартысқа ботанайшылардың арғы буынның «Жайық» командасы мен жас ботанайшылардың «БОТА» командасы қатысты. Кітапханада достарымыз- ботанайшылармен бірге біздің әріптестер, оқырмандар және спорт жанкүйерлері жиналды.  Іс-шараға «БОТА» ЖИО аға мүшелері мен олардың ізбасарлары Қайрат Асқаров, Сеил Аяған, Руслан Нұрбай, Әділ Жакулаев,  Ербұлан  Хұмарбек, Еламан Әмірғазы, Ерасыл Мускинов, Аян, Мейраш, Нариман Ахметов және тағы басқалар қатысты. Біз үшін ойынның нәтижесі емес, ойыншылардың алаңдағы барын салып ойнауы және «БОТА» жастардың интеллектуалдық орталығы белсенділерінің бірлігі мен ұйымшылдығы бірінші орында. Барлық қатысушылар мен жанкүйерлер  сергектік қуатын және жақсы көңіл-күй алды, қаламыз бен облысымыздың әуесқой футбол командаларымен ойнағысы келетіндіктерін айтты. Матчтың соңында 6:5  есебімен жеңген «БОТА» ЖИО құрамасының жеңімпаздары матч кубогымен және дипломмен, «Намыс» командасы футбол кездесуінің ескерткіші ретінде - мадақтау қағазымен марапатталды.