маусымда кітапханада балаларға қызмет көрсету бөлімі Дүниежүзілік қоршаған орта күніне және ғалым-энтомолог П.И.Мариковскийдің  105-жылдығына орай «Біз таза әлемді қалаймыз» - «Мы за чистую планету» атты әңгіме-шолу өткізді.  

Іс-шараға «Жас табиғат зерттеушілері» станциясының мүшелері – әр жастағы 22 оқушы келді.  

Шараның басында балаларәрбір адам үшін, барлық әлем үшін маңызды оқиға болып табылатын Дүниежүзілік қоршаған орта күні туралы ақпаратты тыңдады.  1972 жылдан бастап көптеген елдер өз үйінің ауласын тазартудан, ағаштар егуден бастап, жабайы табиғатқа қарсы құқықбұзушылықтармен күресумен шектелген мыңдаған шаралар өткізді. 2017 жылғы Дүниежүзілік қоршаған орта күнінің тақырыбы адам мен табиғаттың бірігуіне арналады, бізді табиғатқа деген сүйіспеншілікті білдіріп, бәрімізге ортақ Жер планетасын қорғауға шақырады.

Бұл күні жұртшылықтың назары қоршаған орта мәселелеріне аударылады, экологиялық жағдайларды жақсартуға бағытталған мемлекеттік әрекеттер ынталандырылады.  

Балалар «Табиғатта өзін өзі ұстау ережелері» байқауына белсенді қатысты.      

Іс-шараның екінші бөлігі әлемге белгілі ғалым-энтомолог, биология ғылымдарының докторы,  90 жуық  ғылыми- көпшілік кітаптың авторы Павел Иустинович Мариковскийдің туылғанына 105 жыл толуына арналды.  Ол әлемдік ғылымға қосқан үлесі үшін Дүниежүзілік географиялық қоғамның «Полярная звезда» медалімен марапатталған ТМД елдерінің алғашқы ғалымдарының бірі болатын. Мариковский табиғат туралы жазып, оны жақтап, табиғат тақырыбын өз графикасы мен көркем суретінің негізгі тақырыбына айналдырды. Арнаулы көркемөнер білімі болмаған  Мариковский есейген шағында суреттерді салуға кірісті.  

Балалар үлкен қызығушылықпен «Мариковскийдің жорық сөмкесі», «Жетісу портреттері» тақырыптарына арналған ақпаратты тыңдады, бейнероликтерді тамашалады.