Ж.Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне 25 жыл, Қазақстанның БҰҰ құрамына қабылданғанына 25 жыл, «ЭКСПО-2017», «Алаш қозғалысына - 100 жыл» жәнеЖ.К.Бектұровтың 105 жылдығына орай «Сенің рухани қазынаңның қайнар бұлағы – кітап!» атты жазғы оқу ұйымдастырылды.

9 маусым сағат 12.00-де Қарағанды қаласының Орталық саябағында кітап оқуды алға жылжыту, мәдениет пен өркениетті сақтаудың және дамытудың құралы – кітапқа, кітап оқуға балалар мен жасөспірімдердің жағымды көңіл-күйін қалыптастыру, еліміздің тарихы, мәдениеті жөніндегі өлкетану әдебиетін насихаттау, ақпаратқа еркін қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында ашық аспан астындағы «Сенің рухани қазынаңның қайнар бұлағы – кітап!» атты жазғы оқу залының ашылуы өтті.

Кітапханадағы жасөспірімдерге қызмет көрсету бөлімінің қызметкерлері қордағы әдебиеттерді көпшілік назарына ұсынды. Жасөспірімдерге қызмет көрсету бөлімінің оқу залының кітапханашылары  К. К. Беглен, А.А.Мейраш  «Қазақстан қарулы күштеріне - 25 жыл», «ЭКСПО-2017» атты көрме ұйымдастырып оқырмандарға насихаттады. Б.К.Мырзатаева, М. Т. Жұмағұлова абонемент қорындағы көркем әдебиеттерді насихаттап, ақпарат беріп, викторина жүргізді.  Ақпараттық-библиографиялық бөлімнің қызметкері Ж.К. Байжанова «Мемлекеттік рәміздер-ұлттық мақтанышымыз» атты кітап көрмесін ұйымдастырып, буклеттер таратты. Сирек кітаптар мен қолжазбалар және мұражай жәдігерлері секторының қызметкерлері Ж.Р. Шпанова мен Е.Ә.Хумарбек Ж.Бектұровтың  105 жылдығына  орай "Қазыналы қарттың өлмес мұрасы" атты кітап көрмесін  ұсынды. Балаларға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашылары  М. Х. Фахрутдинова, Н. Ж.Жүзбаева, М. П. Новиковалар «Үш рәміз тарих толқынында», «Жайдарлы жаз келді» атты  балаларға арналған көрме ұймдастырып, ойын кітаптарын, журналдарды балаларға насихаттап, викторина жүргізді. Балаларға сыйлық ретінде  смайликті бетбелгілер таратты.

Іс-шараның аясында саябақта демалушылар кітапхана қорының кітаптары мен мерзімді басылымдарымен танысып, сұрақ-жауап сайыстарына қатысты.  Кітапхананы пайдалануға ниет білдірушілер сол жерде кітапханаға тегін жазыла алды. Жазғы оқу залының ашылуна 250-ге тарта адам қатысты.