23.08.2017 ж. сағат 12-00-де, Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын басшылыққа ала отырып, ұлттық рухымызды мәңгі есте сақтау мақсатында келе жатқан Абай Құнанбайұлының туған күніне орай, «Мен Абайды оқимын!» ағартушылық-поэзиялық акцияжәне кітапханамыздың промоакциясы «Сенің рухани қазынаңның қайнар бұлағы – кітап!»аясында «Ұлт таныған – ұлы Абай» әдеби - музыкалық композициясы«Жастар үйінде» 22 микрорайон Пришахтинскде өтізілді.

Мәдени сарай алдында кітап көрмесі «Абай дана, Абай дара қазақта» және Абайдың суреті бар баннер әзірленді. Көрермендерге «Қазақ даласының сұңқары Абай Құнанбаев» и «Лети, мое слово, лети» презентациялар ұсынылды. «БОТА» интеллектуалды орталығының жастары мен кітапхана қызметкерлері Е. Хумарбек, Е.Мускинов, А.Карабекова, Б.Берекеқызы Абайдың өлеңдерін оқыды. Г.Б. Худайбердиева, Е.Хумарбек және Е. Мускинов «Желсіз түнде жарық ай» әнін орындады. Жасөспірімдерге қызмет көрсету бөлімінің қызметкерлері М.Т. Жумагулова, А. Нұрмағамбетова «Абай дана, Абай дара қазақта» кітап көрмесіне шолу жасады.

Барлығымыздың басын қосқан ұлы ақынымыздың өлеңдері, поэзиясы, музыка, кітапқа деген құмарлық. Тамыз айының тағы ерекше күні ол – Конституция. Кітапхана қызметкерлері Ата Заңымызға байланысты ақпараттарға тоқталды. Айтулы шараға көрермен ретінде в/ч № 52859 Ұлттық Гвардияның әскери қызметкерлері қатысты (50 адам).