Қыркүйектің 22-інде кітапхананың мәжіліс залында Қазақстан халқының Тілдері күніне арналған  «Білімпаздар-Знатоки» - «Тілім менің тірлігімнің айғағы» атты танымдық-зияткерлік ойын өтті. Ойынға екі мектептің жоғары сынып оқушылары қатысты: № 16 ОББМ  «Болашақ» командасы мен № 27 ОББМ «Жеңіс» командасы. Ойынның ережесі бойынша екі командаға компьютерлік технологиялар пайдаланумен қызықты байқаулар ұсынылды. Алғашқы «Таныстыру» геймінде – қатысушылар ауызша өздерінің оқу орындарымен, өзінің қызығушылықтарымен таныстырды.  Екінші «Ширату" геймінде командалар уақытқа сұрақтарға жауап берді.  Екі кезеңнен кейін № 27 ОББМ «Жеңіс» командасы алға шықты.

«Ойлы болсан, озып көр» атты 3-ші геймнің тапсырмалары теле-таблоның экранында  4 категория бойынша ұсынылды: «Тіл-өнер», «Салт-дәстүр», «Қазақстан» жəне  «Бәрін білгім келеді».

Балалар əртүрлі сұрақтарға жауап берді. Əр жауап бойынша 10 балдан 50 балға дейін берілді. №16   ОББМ   «Болашақ» командасы көптеген күрделі сұрақтарға жауап беріп, осы кезең бойынша алға шықты. «Жүйрек болсан, шауып көр» 4-ші геймінде диірмен көмегімен сұрақтарға жауап берді. «Мықты болсаң, тауып көр» атты соңғы геймде командаларға тапсырмалар жазылған карточкалар таратылды.

Екі команданың ойыншылары ойынға жақсы дайындалды. Бүгінгі күні  № 16 ОББМ «Болашақ» командасы  285:200 ұпаймен жеңімпаз болып атанды.   Ойын жеңімпаздарына диплом берілді, № 27 ОББМ «Жеңіс» командасы мадақтау қағазымен марапатталды.  Сонымен қатар, барлық қатысушыларға сыйлықтар табыс етілді: облыстық бейнелеу мұражайына тегін бару жəне кітаптар.

Ойын барысында музыкалық жəне поэзиялық нөмірлер ұсынылды. № 16 ОББМ оқушылары: Сәбитова Сәния күйлерді  орындады, Қараша Жаннур Қ.Аманжоловтың «Өлең» өлеңін оқыды. Ойын қызықты әрі тартымды өтті, жақсы əсер қалдырды.