27 қыркүйекте Ж. Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында  «Famous Books» әлем әдебиетін сүйіп оқушылар клубы  аясында әлемге аты әйгілі испан жазушысы Мигель де Сервантес Сааведра өмірбаяны мен шығармашылығына арналған әдеби сағат өтті. Іс-шараға № 66 орта лицей-мектептің 7 сынып оқушылары және сынып жетекшісі Шолпан Какеновна  қатысты. Шара басында кітапхананың жасөспірімдер қызмет көрсету бөлімнің меңгерушісі Б.Қ. Мырзатаева әлемге аты әйгілі испан жазушысы Мигель де Сервантес Сааведра өмірбаяны мен шығармашылығына тоқтала отырып, Сервантес есімін дүние жүзіне танытқан шығармасы «Дон Кихот» романының 1 бөлімі мен 2 бөлімінен үзінділер көрсетілді. Кітапханашы Беглен К.К. оқушыларға кітапхана қорындағы Мигель де Сервантес шығармашылығы туралы әдебиеттерге шолу жасап өтті. Оның “Парнасқа саяхат” поэмасы (1614), “Сегіз комедия мен интермедия” (1615), т.б. туындыларын таныстырды.