Қазанның 26-сында кітапхананың салтанатты безендірілген залында қазақ совет жазушысы, ғалым, профессор Мұхтар Әуезовтің  120-жылдығына арналған «Даланың дара ұстазы» атты библиотеатр өтті. Іс-шараның жүргізушілері «БОТА» жастардың интеллектуалдық орталығының мүшелері  Қарабек Айгерім мен Мейрамова Куаныш болды. Мазмұны жағынан әртүрлі, қызықты библиотеатр қазақ жері әлемге сыйлаған Мұхтар Әуезовтің көпқырлы шығармашылығын көрсетті. М.Әуезов драматург, қарасөзбен шығарма жазушы, көркем аударма шебері ретінде танымал. Сонымен бірге, ол ірі ғалым, тәжірибелі оқытушы және дарынды дәріскер болды. Біз жазушыны көре алмадық, бірақ оның өзінің оқырмандарына арналған жолдауын аудио жазылым арқылы тыңдай алдық. Салтанатты іс-шараның барысында Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің артистері Ершат Қонақбаев пен Арайлым Жукенова «Айттым сәлем, Қаламқас» әнін, әнші Меруеш Башай  «Желсіз түнде жарық ай» әнін орындады, сүйемелдеуші - Александр Федорович Себастьянов.

Бұл кешке Қарағанды гуманитарлық, техника-құрылыс, «Болашақ»,  технология және сервис колледждерінің студенттері, оқытушылары және кітапханашылары – барлығы 80 жуық адам қатысты. Кештің құрметті қонақтары:  жазушы және ақын – Рымбай Телеуұлы Смағұлов, ақын, «Болашақ» Қарағанды колледжінің аға оқытушысы - Ілияс Мұқай,  Қарағанды қаласының ақындары, «БОТА» жастардың интеллектуалдық орталығының мүшелері Руслан Нұрбай мен Бағдат Мүбәрак.

Әдеби библиотеатрдың басталуынан бұрын аудиторияға Мұхтар Әуезовтің 120-жылдығына арналған «Верный сын казахского народа» атты бейнеролик ұсынылды. Студенттер «Әлем мойындаған тұлға» кітап пен сурет көрмесінде ұсынылған кітаптармен және мерзімді басылымдармен танысты. М.Әуезовтің шығармашылығы қазақ халқының көркем мәдениетінің асқар шыны болып саналатындығы белгілі.

Кештің басты сәті жастардың «Кәусар» эксперименттік театрының орындауындағы Мұхтар Әуезовтің «Қорғансыздың күні» әңгімесінің сахнаға қоюға бейімделуі болды. Қойылымның режиссері – С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрының актері Бекмұхамед Мұқатайұлы. Балалар кейіпкерлер образдарына әбден төселіп, сөз шебері Мұхтар Әуезовтің берген мейірімділік пен адамгершілік сабақтарын ашуға тырысты. Қойылымның соңында қатысушылар қызығушылық танытып, қызу қол шапалақтады.  Кештің қонақтары балалар өз рөлдерін үлкен шабытпен ойнайды деп айтты. «Біз үшін Әуезов – екінші Абай». Екі алып ақынның есімдері, олардың шығармашылығы символ мәнді: әлемге танығандығымен бірге белгілі бір кеңістікке – қазақ даласы әлеміне байланысқан.