Қарашаның 15-інде сағат 13-00 балаларға қызмет көрсету бөлімі  Ұлттық валюта күніне орай «Ойлайық та ойнайық!» атты экономика бойынша зияткерлік ойынды өткізді. Іс-шараға № 97 гимназияның 7 «А» сынып оқушылары қатысты. 

Ойын 4 кезеңнен тұрды:

1. зияткерлік – білгірлік бойынша сұрақтар;

2. тәжірибелік – тиындарды есептеу;

3.  логикалық – мақал-мәтелдерді құрастыру;

4. «қара жәшік» - жәшіктің ішінде қандай құрал бар екендігін анықтау. 

Іс-шараның барысында балалар өздерінің білімпаздығын, дүниежүзі тарихын білушілігін көрсетті. Экономикалық энциклопедиямен танысып, балалар жаңа ұғымдарды меңгерді, мысалы бонистика не екенін, баланс сөзі француз тілінен қалай аударылатындығын, «аверс» және «реверс» сөздерінің мағыналарын және т.б.