«Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы» КММ қараша  айының  20-жұлдызында  Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Латын қарпіне көшу - болашақтың бағдары» атты әңгіме-шолу сағатын ұйымдастырды. Іс-шара келесідей мақсат-міндеттерді негізге ала отырып өткізілді:

•       Жастар арасында латын қарпіне көшу мәселесін талдау;

•        Жастарға латын қарпіне көшу – болашаққа бастар нақты қадам екенін түсіндіру;

•        Жастар арасында латын қарпіне көшудің тиімділігін ұғындыру;

•        Кітапхана қорындағы  латын қарпіндегі кітаптарды оқырмандар назарына  ұсыну.

Латын әліпбиінің нақты нұсқасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы № 569 Жарлығымен бекітілгендіктен шараға қатысушылар латын әлібиімен тікелей жұмыс жасады. Шағын латын қарпінің бекітілуі туралы бейнероликтен бастау алған іс-шара барысында жастар алдын-ала дайындалған мәтіндерді латын қарпімен жазды, №41 жалпы білім беретін мектеп оқушылар тіл туралы өлеңдерін оқыды. Сирек кітаптар мен қолжазбалар және мұражай жәдігерлері секторының меңгерушісі Шпанова Жанат Рымкуловна Ж. Бектұров мұражайының кітап қорындағы 1929-40 жылдары жарық көрген латын қарпіндегі кітаптармен таныстырып, шолу жасады. Аталмыш кітаптардан келген оқушылар мәтіндер, өлеңдер оқып, тақтаға жазып, қазіргі бекітілген латын қарпінен айырмашылығын талдап, талқылады.

Іс-шара латын қарпінің тілімізге енгізілуі еш қиындық тудырмайтынын, жастар оңай әрі жылдам меңгеріп кететінін тағы бір мәрте дәлелдеді.