Ж. Бектұров атындағы жасөспірімдер кітапханасының жанынан құрылған БОТА жастар интелллектуалді орталығының ұйымдастыруымен  2017 жылдың 7 желтоқсан күні, сағат 15:00-де «Үміт» балаларды оңалту орталығында «Жан жылуы» қайырымдылық акциясы бойынша «БОТАдан ботақандарға» атты әдеби - сазды кеш өткізді.

«БОТА» жастар интеллектуалды орталығының мүшелері сахынаны шар және гүлдермен сәндеді. Жүргізушілер Еламан Амирғазы және Қуаныш Мейрамқызы болды. Аталмыш іс-шарамызда Ж. Бектұров кітапханасы және «БОТА» ЖИО туралы балаларға мәлімет айтылып, таныстырылып өтті. Жазушылар одағының мүшесі, ақын Руслан ағамыз сөз сөйлеп, өз шығармашылығынан өлең оқып кезекті «БОТА» ЖИО мүшелеріне берді. Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерінен Қарабек Айгерім «Пай, пай Өмір!», Хумарбек Еркебұлан «Қазақстаным» өлеңдерін, Құлпынай Жасарал Ф. Оңғарсынованың  «Мен сені аялап өтем, Өлең», Мейрамқызы Қуаныш Анна Ахматова және Мария Цветаевалардың шығармаларынан өлең оқыса, Ахметов Нариман Сұлтанмахмұд Торайғыровтың  «Мен Қазақпын!», Гакку Жұмабекова Жадыра Байбуланованың «Мен сені сүйемін, Өмір!», Еламан Амирғазы өз шығармашылығынан «Әрбір қыстың өзіндік бар көктемі» өлеңдерін оқыды. Мускинов Ерасыл «Балапаным менің», «Бол жанымда», Ерғали Манап «Қазақ жігіттері», Рахимжанова Рауана  «Қайда» және «Сарыжайлау», Бөртебаев Мақсат «Туған жер», «Қазақстаным менің», «Земля моя» әндерін шырқаса, Ғабдұлла Диас Нұрғиса Тілендиевтың шығармашылығынан «Аққу» және «Папури» күйлерін тартып балалардың домбыраға деген қызығушылығын бір оятты. «Ынтызар» би ансамблінің бишілері «Қазақ биін» билеп кешіміздің шырайын одан әрі кіргізді.  Сондай-ақ, Ахметов Нариман балғын сәбилердің көңілін көтеру мақсатында сайқымазақ болып киініп, арнайы ойындар ойнатқызды. «Үміт» оңалту орталығының емделуші  балалары ақын А. Құнанбаев, М. Мақатаев  және Ф. Оңғарсыновалардың өлеңдерін жатқа оқыды. Кеш соңында «БОТА» ЖИО мүшелерінің «Үміт» оңалту орталығының емделушілеріне арнап алған сыйлықтарын және «Қасым» журналын табыс етті. Кеш соңында «Үміт» оңалту орталығының бөлім меңгерушісі сөз сөйлеп, өзінің кітапхана ұжымына және «БОТА» ЖИО  деген жылы лебізін білдіріп, ұжымға шығармашылық табыс, ұтымды еңбек тіледі. «БОТА» жастар интеллектуалды орталығының мүшелеріне шығармашылық табыс, тек биіктерден көрініп, жетістіктерге жете беруін, осындай үлгі тұтатын іс-шараларды көптеп атқара беруіне тілекші екенің білдірді.