«Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы» КММ желтоқсан  айының  04-жұлдызында  Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Латын қарпіне көшу - болашақтың бағдары» атты әңгіме-шолу сағаты ұйымдастырылды. Іс-шара келесідей мақсат-міндеттерді негізге ала отырып өткізілді:

  • Жастар арасында латын қарпіне көшу мәселесін талдау;
  • Жастар арасында латын қарпіне көшудің тиімділігін ұғындыру;
  •  Бекітілген латын қарпі негізінде жұмыс жасау;
  • Кітапхана қорындағы  латын қарпіндегі кітаптарды оқырмандар назарына  ұсыну.

Латын әліпбиінің нақты нұсқасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы № 569 Жарлығымен бекітілгендіктен шараға қатысушылар латын әліпбиімен тікелей жұмыс жасады. Шағын латын қарпінің бекітілуі туралы бейнероликтен бастау алған іс-шара барысында жастар алдын-ала дайындалған мәтіндерді латын қарпімен жазды, №65 жалпы білім беретін мектеп оқушылар тіл туралы өлеңдерін оқыды. Сирек кітаптар мен қолжазбалар және мұражай жәдігерлері секторының меңгерушісі Шпанова Жанат Рымкуловна Ж. Бектұров мұражайының кітап қорындағы 1929-40 жылдары жарық көрген латын қарпіндегі кітаптармен таныстырып, шолу жасады. Аталмыш кітаптардан келген оқушылар мәтіндер, өлеңдер оқып, тақтаға жазып, қазіргі бекітілген латын қарпінен айырмашылығын талдап, талқылады. Сонымен қатар іс-шара қорытындысы ретінде оқушылар латын қарпінде жазылған сұрақтарға құрылған сөзжұмбақты шешіп, жауабын латын қарпінде жазды.

Іс-шара латын қарпінің тілімізге енгізілуі еш қиындық тудырмайтынын, жастар оңай әрі жылдам меңгеріп кететінін тағы бір мәрте дәлелдеді. Іс шара соңында  Сирек кітаптар мен қолжазбалар және мұражай жәдігерлері секторының қызметкері  Хумарбек  Ербұлан Әуезұлы Ж.Бектұров мұражай кабинетіне экскурсия жасады.