«Елдіктің ерендігі-Егемендік» атты облыстық  «БОТА-Эрудит»зияткерлік  сайысы.   

Желтоқсан айының 12-жұлдызында Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасының «Көпшілікпен байланыс бөлімі» және «БОТА» жио қызметкерлерінің ұйымдастырумен «БОТА-Эрудит» зияткерлік ойыны өтті. Қазақстан Тәуелсіздігі күнінің құрметіне өткен танымдық ойын  3 бөліктен, 4 категория бойынша жалғасты. Ойынға Қарағандыдағы қазақ,орыс мектептерінен 4 топ қатысты. Олар Қарағандыдағы М.Жұмабаев атындағы№39- Қазақ орта мектебі, «Болашақ» деген атпен  № 16-қазақ мектебі және «Чингизята»№48-мектеп пен «Лидеры»деген атаумен №53 орыс орта мектебінің жоғарғы сынып оқушылары бақ сынасты. Қазылар алқасына кітапхана басшысы Нұргүл Қасымханқызы Қаленова, Сазгер, ҚР Журналитер одағының мүшесі Бақытқали Мұсабеков, Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университетінің порфессоры, философия ғылымының доқторы Алма Мырзабекова, Ақын, Қарағанды «Болашақ» колледжінің аға оқытушысы Іляс Мұқай және кітапхананың иновациялық-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Гүлнар Алдоңғарова мен есептік сарапшы ретінде кітапхана суретші-дизайнері Нұризат Сейсенбекова таңдалды.  Зияткерлік білім сайысын «Көпшілікпен байланыс бөлімінің» меңгерушісі Надежда Шмойлова мен кітапхана маманы Руслан Нұрбай жүргізді.

Әр категория бойынша мысалы; «Ұлт көшбасшысы», «Астана», «Экспо», «Рухани жаңғыру» бөліктері бойынша сауалдар қойылды. Әр сауалдарға ұпайлық есеп қойылды, сұрақтар елдің алдында таблоға шығып тұрды. Белгілі уақытпен, белгілі ұпай сандары бойынша әділ-қазылар шешім шығарып отырды. Ойын барысында Қ. Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің әншісі Құрмаш Ыбышев өнер көрсетті. Сондай-ақ, қазылар шешімі шыққанша жанкүйер боп келген мектеп оқушылары да ән айтудан қалыс қалмады. Кітапхана жанындағы «БОТА» жио жастары Манап Ерғали мен кітапхана қызметкері Ерасыл Мүскінов тақырыпқа байланысты ән-шауын тарту етті.

Әділ қазылар шешімімен ұпайлар салыстыру, үй тапсырмалары мен шешендік өнер сарапқа салынып 190 ұпаймен №53 - орыс орта мектебі жеңіске жетті. Аталған мектеп осымен үшінші рет өздерінің белсенділігін танытты. Яғни, ойын тәртібі бойынша біліктіліктің «ҮКІ» белгісін үш рет алған топқа сол кәдесый біржола беріледі. Сөйтіп, «ҮКІ» мүсінде танымдық тәжірибесі бар №53 - мектеп ұжымына тартылды. Барлық мектеп ұжымдары мен қазылар алқасының мүшелеріне кітапхана ұжымы атынан бағалы сыйлықтар; бірінші орынға «Бүркіт» плакеткасы мен портфельдер, қалған қатысушыларға «Шаңырақ» сый-табақшалары мен ескерткіш папкалары үлестірілді. Мектеп басшылықтары мен алқа мүшелеріне «Алғыс хаттар» табыс етілді.