Желтоқсанның 12-сінде балаларға қызмет көрсету бөлімі № 45 гимназияда көшпелі іс-шараны өткізді. 11 «А» сынып оқушылары «Жарамсыз іске абай болу» - «Осторожность – не порок» тақырыбына ақпаратпен танысты.

Іс-шаранының жүргізушісі – кітапханашы Жүзбаева Нұрымжан Жұмабайқызы оқушыларды Ж.Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы қорының іс-шараның тақырыбы бойынша кітаптарымен таныстырды, денсаулық туралы халықтың мақал-мәтелдерін келтірді: «Дені саудың – жаны сау», «Денсаулық – зор байлық» және т.б. Денсаулық – адамның ең басты байлығы. Денсаулық дегеніміз – аурулардың жоқтығы ғана емес, ол физикалық шынығудың белгілі бір деңгейі, психикалық және физикалық сәттіліктің негізі. Денсаулықты сақтау мен қайта қалпына келтіру әр адамның өзіне байланысты. Тек қана дені сау, жан-жақты дамыған, білімді адам өзінің және өз елінің тағдырының иесі бола алады. Кітапханашы Қазақстан бойынша және Қарағанды облысы боынша ЖИТС туралы мәліметтермен таныстырды.

ЖИТС туралы толығырақ ақпаратты ЖИТС-тың алдын алу және күресу жөніндегі облыстық орталығының маманы – психолог Балғымбекова Динара Маратқызы айтты. Ол Қарағанды қаласында ЖИТС-тың алдын алу және күресу жөніндегі облыстық орталығы жұмыс істейтіндігі туралы, осы орталықтың мамандарына аурудың алдын алу және оны емдеу жөніндегі кез келген сұрақтарды қоюға болады деп хабарлады. Кез келген уақытта коңырау шалуға және өзінің мәселелерін айтуға болатын сенім телефоны жұмыс істейді. Нақты және білікті ақпарат – асқынған ауруға қарсы күшті қару.