2018 жылдың қараша айының 27-сі күні Ж.Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің құрметіне орай, жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін оn-line режимінде М.Әуезов атындағы Орталық қалалық кітапханасымен бірлесе пікірлескен танымдық кездесу өтті. Жалпы бұл шараның мақсаты: Елбасының ұстанымын, халық үшін жасаған ерен еңбегін үлгі етіп, жастарды Отанын, халқын, жерін сүюге, батылдыққа, азаматтыққа, патриоттыққа тәрбиелеу болып табылады.

Іс-шара басталғанға дейін кітапхана аудиторияларында Теміртау қаласының Тұңғыш Президентінің тарихи-мәдени орталығы бойынша виртуалды экскурсия ұйымдастырылды. «Кемеңгер Елбасы – ырысы елімнің» атты кітап көрмесі орналасқан мәжіліс залында Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті мен Қарағанды «Болашақ» академиясының оқытушылары мен студенттері жиналды. Әнұран шырқалғаннан кейінгі алғашқы сөзді кітапхананың басшысы Каленова Нұргүл Қасымханқызы сөйлеп, конференцияның шымылдығын ашты. Келесі сөз кезегін модератор – Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын – Руслан Нұрбай алып, қызу талқыға кірісіп кетті. Шараға Қарағанды облысы әкімі аппаратының "Қоғамдық келісім" КММғылыми-сараптамалық сүйемелдеу және әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Думан Малаевта ат салысып, осы тақырыптағы ойымен ашық түрде бөлісіп, студенттер арасында пікірталас жүргізді. «Еліміздің өзіндік ерекшеліктерін көрсететін мемлекеттік рәміздеріміз бар. Ал, Президентіміздің де өзіндік рәмізі, яғни, «Қазақстан Республикасының Президентінің байрағы және оның айырым белгілерінің ресми пайдалану тәртібі туралы» жарлық қашан бекітілген? Және Елбасы байрағы қай жерде орнатылады?», «Елбасымыз Н. Назарбаевтың мемлекеттің президенттігімен бірге атқаратын лауазымдық мәртебесі?» деген сұрақ секілді сұрақтар ортаға тасталынып, студенттердің белсенді пікірталасына екі кітапхана да куә болды.

Тұңғыш Президент тақырыбы кеңінен талқыланды. Сөз соңында модераторлар екі сағаттық саяси-әлуметтік-қоғамдық әңгімелер жөнінде қорытынды сөздерін білдіріп, бір-бірлеріне алғыс айтып, осындай рухани танымдық тақырыпқа әлі талай оралатындарын жеткізді. «Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру». мақаласында Қазақстан Мемлекет басшысы жаһандық үдерістердің ықпалын елеп-ескеріп, халықтың мәдени-рухани жаңғыруына сеп болар ілкімді жобалары екендігін, Нұрсұлтан Назарбаевтың халықтың мәдени мұралары мен құндылықтарын сақтап, елдікті нығайту жолында көтеріп отырған бұл бастамалары өте өзекті әрі өміршең деп бағалауға болады-деп таниды.