2019 жылдың 1 ақпан күні  оқырмандар залында Қарағанды Банк колледжінің студенттерінің қатысуымен «Бір ел – бір кітап акциясы» аясында ұйымдастырылған «Сөз өнерінің зергерлері» атты кітап көрмесіне шолу өтті.

Көрмеге жыл кітабы болып таңдалып алынған  еліміздің екі көрнекті қаламгерлері Ә.Кекілбаевтың және Ә.Тәжібаевтың шығармалары қойылды. Оқырмандар  жиырмасыншы ғасырдағы қазақ поэзиясының аса ірі өкілі, өлең-жырдың дүлділі, көрнекті ақын, әдебиет және театр зерттеушісі Әбділдә Тәжібаевтың поэзиясымен және ғасырлар тереңінен келе жатқан даналардың заңды жалғасы, жаңа заман зиялыларының көш бастаушысы Әбіш Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романымен жақынырақ таныса алды. «Аңыздың ақыры» тарихи романы – тек тарихи шежіре емес, бүгінгі қоғам үрдісімен, ұлт мүддесімен астасып, бостандық рухы мен өркениеттің өшпес құндылықтарына ұмтылатын мінез тәрбиелерлік қуатты шығарма екені, ақын  Ә.Тәжібаевтың ұзақ шығармашылық ғұмырындағы тынымсыз ізденіп, үздіксіз еңбектеніп, тұтас бір дәуір шындығын жан-жақты, жоғары көркемдікпен бейнелеген өте мол мұрасы  туралы айтылды.

Слайдтар көрсетіліп, шолу жасалды.