21 ақпанда "Бірге оқимыз, дауыстап оқимыз!" акциясының аясында "Құлыншақ" балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін Ж. Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының балаларға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашылары К. Чуковскийдің шығармашылығы бойынша дауыстап оқу өткізді.

 Бұл іс–шараның мақсаты - балаларды шығармаларды түсіну және оқылған кітап туралы өз ойларын жеткізе білу үшін белсенді тыңдауға  үйрету.

«Тараканище», «Мойдодыр» - біз бала кезімізден осы ертегілерді жақсы көреміз. Міне, балалар үйінің бүлдіршіндері де Корней Чуковскийдің шығармаларын мәнерлеп оқыған кітапханашыны үлкен қызығушылықпен тыңдады.

Жазушының кітаптары балалардың қызығушылықтарын тудырды, олар өлеңдер үзінділерін дауыстап оқып, ертегі кейіпкерлерінің іс-әрекеттері туралы әңгімелесті. Балалардың көрмеден кітаптарды қолдарына алып, суреттерді қарап, дауыстап оқығандары өте қуантты. Балалар кітап оқығанды жақсы көретіндігі көрініп тұрды.