1 наурыз күні Ж. Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері және Тәттімбет атындағы Өнер колледжінің кітапхана факультетінің студенттері Орталық әмбебап дүкеннің алдындағы Бұқар Жырау даңғылының орталық алаңында мерекелік акция барысында қаланың барлық тұрғындары мен қонақтарын Алғыс күнімен құттықтады.

Ұйымдастырушылар қала тұрғындарымен әңгімелесіп, оларға мынадай сұрақтар қойды: "Сіз өз өміріңізде алғыс сөздеріңізді жиі айтасыз ба?", "Бүгін кімге "рахмет" айтқыңыз келеді және не үшін?". Сонымен қатар кітапхана десантының қатысушылары ақпараттық бетбелгілерді, визиткаларды, флаерлерді таратып, Ж.Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасына шақырды. Бұл күні 150-ге жуық адам (қала тұрғындары мен қонақтары) іс-шараның белсенді қатысушылары болды, олардың атынан ұйымдастырушыларға ізгі тілектер мен алғыс сөздері айтылды.

Сондай-ақ, іс-шараның аясында флешмоб ұйымдастырылды, оның барысында орталық әмбебап дүкен алдындағы үлкен алаңда қала жастары  КІТАП, ЖАСТАР  және БІЗ АЛҒЫС АЙТАМЫЗ ұрандарын көрсетті.  

Аталған іс-шараның басты мақсаттарының бірі өскелең ұрпақтың бойында толеранттылықты, ізгі ниеттілік пен бір-бірін құрметтеу сезімдерін тәрбиелеу, сондай-ақ Қазақстандағы этносаралық келісім мен ұлтаралық достастықты нығайту болып табылады.