Наурыз айының  14 жұлдызында  кітапхананың «Сирек кітаптар мен қолжазбалар және мұражай жәдігерлері» бөлімшесінде  Қарағанды  қаласының 85 жылдығына және Қарағанды көмірінің атасы - Аппақ Байжановтың 195 жылдығына  арналған өлкетану сағаты өтті.

Аталмыш іс-шараға  Қарағанды облыстық тарихи - өлкетану музейінің қызметкері Алдабаев Нұрболат Жақсыбайұлы арнайы қонақ ретінде шақырылды және А. Байтұрсынұлы атындағы №41 мектеп-гимназиясының, 

«№ 10 ЖББОМ» КММ 9-10 сынып оқушылары қатысты.

Іс-шараға қатысушыларға музей қызметкері Алдабаев Нұрболат Жақсыбайұлы   кеншілер қаласы атанған Қарағанды қаласының құрылу тарихын әңгімелеп берді.  «Тас көмірді алғашқы тапқан - Аппақ Байжанұлы»  кітап көрмесіне шолу жасалды, «Қарағанды қаласы», «Қайда, қайда Қарағандыда!»  презентация, бейнеролик көрсетілді. 

№41 мектеп –гимназиясының оқушылары Нұра ауданында туып өскен ақын Қабікен Мұқашевтың 1952 жылы шығарған «Аппақ туралы аңыз»  атты  поэмасын мәнерлеп оқыды. 

Мәдени-шара  соңында  оқушылар  туған өлкесіне «Өз қалаңды сүю-жақсы оқу, өз еліне пайдалы болу, өз Отанын, өз халқын сүю» дегенді білдіретін тілектер айтты.