10 сәуір күні Ж. Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында балаларға қызмет көрсету бөлімінде Дүниежүзілік авиация және космонавтика күніне арналған «Ғарыш Жұлдыздары» - «Звезды Космоса» атты №45 гимназияның 4 «А» сынып оқушыларына арналған әңгіме өткізілді. 

Іс-шараны жүргізуші Гүлімжан Рымханқызы Жакупова балаларға ғарыш кеңістігін игеру тарихы туралы әңгімеледі.

12 сәуір күні бүкіл әлем адамның ғарышқа алғашқы ұшуына арналған естелік күн - Авиация және космонавтика күнін атап өтеді.

Қазақстанда 1961 жылдың 12 сәуірінде «Восток» кемесінде алғаш рет ғарышқа бірінші ғарышкер Юрий Гагарин ұшқан Байқоңыр ғарыш айлағы орналасқан. Адамзат тарихындағы жаңа ғарыш беті осылай ашылды. Ғарыш кеңістігін игерудің 58 жылы ішінде ғарышта шамамен 550 адам болды. Олардың қатарында Қазақстанның үш өкілі - ұшқыштар-ғарышкерлер Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев және Айдын Айымбетов бар.

Балаларды ғарышкерлер туралы әңгімелермен таныстыра отырып, жүргізуші «Ғарыштық викторинамен» әңгімесін жалғастырды және балаларға: «Егер сендер біздің ұлттық батырларымыз сияқты ғарышкер болғыларың келсе, онда сендер физикалық дайын болуларың керек, спортпен айналысуларың керек. Қазақстандық ғарышкерлерге өздерінің жоғары білікті мамандары – математиктер, физиктер, химиктер, биологтар, астрономдар қажет.  Біз сендерге сенеміз, ал жалқауларға ғарышта орын жоқ. Өйткені ғарыш ғаламды зерттеу үшін стратегиялық маңызды объект болып табылады.

Шара соңында балалар үшін «Ғарышқа – алғашқы қадам» - «У истоков космонавтики» атты кітап көрмесіне шолу жасалды. Балалар ғарышкерлер туралы кітаптармен танысып, ғарыш тақырыбымен шабыттанды.