23-30 сәуір аралығында Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасында өтетін  «Кітап – асыл досың» атты жастарға арналған кітап апталығының бірінші күні 23 сәуір күні өтті. Ол жарқын, салтанатты түрде, әртүрлі әрі маңызды бағдарламамен ұйымдастырылды.

23 сәуірде бүкіл әлемде Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күні атап өтіледі. Біздің Аптамыздың бірінші күнінің іс-шарасы - «Сердца единством тесным слиты» атты этнографиялық дастарқанның Қазақстан халқы Ассамблеясының Достық Үйінде өткені өте маңызды.  Достық үйінің қызметкерлері іс-шараны ұйымдастыруға қолдау көрсетті.

Мерекелік іс-шараны 400 - ге жуық адам тамашалады: 11 мектеп, гимназия және лицей оқушылары, банк, көлік-технологиялық колледжі, «Болашақ» өзекті білім беру колледжі, академик Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ студенттері, кітапхана қызметкерлері, «Индустриальная Караганда» және «Орталық Қазақстан»  облыстық газеттерінің журналистері, жазушылар, белсенді ұзақ ғұмыр  сүру орталығының еңбек ардагерлері.

Іс-шараны Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ағымбаев Еркебұлан Мүлікұлы ашты. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Жазушылар одағы Қарағанды филиалының төрағасы Серік Сағынтай жастарға құттықтау сөз сөйледі.

Этнографиялық дастарханның жүргізушілері біздің көмекшілеріміз, белсенділеріміз және кітапхана оқырмандары Ерсанат Ахметолла мен Жансая Каменова болды. Олардың сыртқы көрінісі, көрерменге тамаша мәтінді сауатты жеткізе білу, әдемі дикция - осының барлығы іс-шараны жалпы қабылдауда маңызды рөл атқарды. Қызықты бағдарлама залда мерекелік көңіл-күй орнатты: «БОТА» жастардың интеллектуалдық  орталығы мүшелерінің театрландырылған қойылымы, поэтикалық және музыкалық қойылымдары, «Казачья вольница» мәдени орталығының музыкалық нөмірі, Қ. Байжанов атындағы концерттік бірлестік әртістерінің орындауындағы заманауи және классикалық әндер, Е.А.Бөкетов атындағы  ҚарМУ студенттер сарайының «Сарын» домбырашылар фольклорлық ансамблінің тамаша ойыны, жастар Айдос Сұнқар мен Мускинов Ерасылдың орындауындағы әсерлі әндер.

Фойеде Жастар жылы мен Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне арналған көркем кітап-иллюстрациялық көрме ұйымдастырылды. Залдың үлкен экранында оқырмандардың назарларына «2019 жыл – Жастар жылы», «Ұлы даланың жеті қыры» атты бейнероликтер, әдемі музыкалық заставкалар көрсетілді. Жас оқырмандар сұхбат түрінде біздің кітапхана туралы пікірлерді жазып алған роликті аудитория қызығушылықпен қарсы алды.

Шара соңында кеш жүргізушілері жастарды 2019 жылдың 23-30 сәуір аралығында өтетін жасөспірімдерге арналған кітап апталығы іс-шараларының белсенді қатысушылары болуға шақырды. Апталықтың бағдарламасымен кітапхана қызметкерлері ұсынған жарнамалық буклеттер арқылы таныса алды.