Бәсекеге қабілеттіліктің басты көрсеткіші - білім, ал білімнің кәусар бұлағы кітап екені баршамызға мәлім. Болашақ – білімді жастарымыздың қолында. Кітапхана оқырмандарының, әсіресе жастардың, ой-өрісін, ішкі дүниесін қалыптастыруда, жас ұрпақтың рухани дамуына Жайық Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы да өз үлестерін қосып, еңбек етуде. Қазақстанда алғаш рет 2007 жылы бастау алған «Бір ел – бір кітап – 2019» республикалық акциясы бойынша биыл екі  кітап: Әбіш Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романы мен Әбділда Тәжібаевтың өлеңдері  таңдап алынды. Бұл кітаптарды оқу жыл бойы насихатталатын болады.

Кітапханада жасөспірімдерге қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен «Бір ел – бір кітап акциясы» аясында «Сөз өнерінің зергері» дөңгелек үстөл және «Сырға толы – сырлы ақын» атты жыр кеші  өтті. Шара екі секцияда өтті. 

Дөңгелек үстелге Қарағанды Банк колледжінің, Тәттімбет атындағы өнер колледжі, Байқадам орта мектебі, Мәнжі батыр атындағы Қаражал орта мектебі, №9 гимназиядан оқушылар, Қарағанды мемлекеттік университетінің студенттері, оқытушылар қатысты.

Талантты қазақ прозаигі Әбіш Кекілбаевтың  «Аңыздың ақыры» романы - өз биігінен түспеген қазақтың классикалық шығармасы. Қатысушылар өздерінің ойларын ортаға салып, қызу пікірталас ұйымдастырды. Шығарманың философиялық маңызы және өзектілігі ерекше сөз етілді. Романды оқып шыққан оқырман Жаратушы, Табиғат,Уақыт деген үш ұлылықтың құдіретін,мәңгіліктің бұлтартпас күшін түсініп, сезінгенін және алтын басты Әмірші болсаң да, жарты әлемді уысыңда ұстасаң да,сен де пендесің.Әр нәрсенің бір сұрауы барын, кімге болса да әлгі үш Ұлылықтың алдында бір зауал бар деп ой түйді. Пікірталас нәтижесі арқасында студенттер Әбіш Кекілбаев туралы біраз мәліметпен танысты.

«Бір сырлы-сегіз қырлы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, шолу жасалды. «Аңыздың ақыры» романы туралы слайд көрсетілді.

 Музыкалық залда өткен Ә.Тәжібаевтың шығармаларына арналған «Сырға толы-сырлы ақын» атты жыр кешіне С.Саттаров атындағы мектеп-лицей, №2 «Білім-Инновация» лицей-интернаты, Байқадам орта мектебінің оқушылары қатысып, ақынның өлеңдерін оқып, көріністер көрсетті, «8» сынып оқушылары «Портреттер» поэмасынан флэш оқу дайындап әкелді, Айманкүл ана мен бала  образын сомдап  «Ана мен бала» атты көрініс көрсетті. №2 Білім-Инновация мектеп лицейінің оқушылары «Қыз бен солдат» пьесасынан үзінді дайындап,оқырмандардың көңілінен шықты.  Ақынның «Ленинград», «Майданнан хат», «Уақыт», «Жолдар» өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Шараға қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды. «Поэзия тербетеді жүрегімді, өлсем де өлеңімді айтып өтем» атты кітап көрмесіне шолу жасалып,ақынның өміріне көз жүгіртетін слайд көрсетілді. Шараға қатысқан оқырмандар алғыс хаттармен марапатталды.