Компьютер, техника, ұялы телефон, теледидар – күнделікті өмірде тұрмысқа  қажетті, уақытымызды үнемдейтін таптырмас көмекші. Алайда, олардың зияны да жоқ емес.

Қазіргі XXI ғасырдағы ең өзекті мәселе болып табылатын тақырып төңірегінде Ж.К.Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасындағы жасөспірімдердің қатынастары және көпшілік жұмыс бөлімінде «Кітап – асыл досың» атты кітап апталығы аясында «SMS: Оқиға. Пікір. Хат. – (өркениетке қарсы ТЕЛЕФОНдандыру)»: жастар арасында пікірлер қиылысы атты ток-шоу өтті.

Ток-шоуға Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетінің оқытушысы, ақын Салтанат Смағұлова, аталған оқу орнының және Қарағанды коммерциялық колледжінің студенттері қатысты.

Пікір-талас барысында техниканың адам өміріндегі алатын орны, оның пайдасы туралы қатысушылар ойын ашық жеткізді. Сонымен қатар, шара барысында ұялы телефон, компьютер, қысқа толқынды пеш сияқты құралдардың зияны айтылып, видеоролик көрсетілді. Әңгімеге екі тараптан келген оқытушылар да қосылып, пікірлерін білдірді.