«Бір ел – бір кітап» акциясы аясында Ж. Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының жасөспірімдерге қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Ратникова Людмила Григорьевна 17 мамыр күні №48 ОМ 8 "Б" сынып оқушылары үшін және 28 мамыр күні Қарағанды облыстық жоғары мейірбике колледжінің оқушылары үшін «В их книгах свет и мудрость на века» атты әдеби сағат өткізді.

«Бір ел – бір кітап» акциясы Қазақстанда 2007 жылдан бастап ҚР Ұлттық Академиялық Кітапханасы мен ҚР Кітапханалар қауымдастығының бастамасымен Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өткізіледі.

Акцияның мақсаты – қазақ әдебиетін насихаттау, қоғамның оқуға деген қызығушылығын арттыру, Қазақстанның әдеби мұрасын зерттеуге деген зерттеу қызығушылығын дамыту, сондай-ақ өскелең ұрпақтың зияткерлік-рухани дамуына ықпал ету.

2019 жылы бүкілхалықтық оқу үшін екі автордың шығармалары таңдалып алынды: Әбіш Кекілбаевтың әдеби мұрасынан «Аңыздың ақыры» романы,  ал Әбділда Тәжібаевтың бай шығармашылығынан оның лирикасы оқуға ұсынылды. Осы кітаптардың авторлары - өз Отанының шынайы патриоттары, ал олардың шығармашылық мұрасы қазақ әдебиетінің қазынасына қосқан баға жетпес үлесі болып табылады.

Іс-шараларда мектеп оқушылары мен колледж студенттері Ә. Кекілбаев пен Ә. Тәжібаевтың өмірбаяны мен шығармашылығымен танысты. Кітапханашы «Аңыздың ақыры» романының жазылу тарихы туралы айтып берді. Осы шығармадан үзінділер оқылды. Іс-шарада оқылған Ә. Тәжібаевтың  өлеңдері балаларды бей-жай қалдырмады.

Кітапхана қызметкерлері дәстүрлі түрде кітапханашылармен, оқу орындарының оқытушыларымен тығыз қарым-қатынас жасай отырып, кітап пен оқу арқылы жас ұрпақты рухани-адамгершілік тәрбиелеуге ықпал етеді.