29 мамыр күні Ж.Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған жыл сайынғы «Естелік эстафетасы» акциясы аясында Ақмола облысында орналасқан «Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «АЛЖИР» мұражай-мемориалдық кешеніне  «Мемориал. Тарихтағы тұлға» атты экскурсия ұйымдастырды.

Мұнда «АЛЖИР» Отанына сатқындық жасағандардың әйелдерінің Ақмоладағы лагері орналасқан. Лагерьде әр жылдары «халық жауы» ретінде ұсталған, атылған азаматтардың 18 мыңнан астам әйелдері тұтқындалған.

Акцияға Қарағанды жоғары политехникалық колледжінің студенттері, оқытушылары, кітапхана қызметкерлері мен оқырмандары қатысты.  Экскурсия тоталитарлық режимнен қаза тапқандарды еске алу үшін ұйымдастырылды. Экскурсия қатысушылары Қайғы аркасымен өтті. Балалар репрессия жылдарында қаза болғандарды еске алып, тағзым етті...

Экскурсияға қатысуңшылар әкесін еске алу үшін Алматыдан келген Сабыр Айтхожиннің қызымен кездесті. 1937 жылы жалған айыппен «халық жауы» деп тұтқындалып  атылған,  алғашқы қазақ журналистерінің бірі -Айтхожин Сабыр туралы әңгімені жастар қызығушылықпен тыңдады.

Әрбір сөзі  қайғыға толы әйелдің бұл әңгімесі алыстағы тарихты жандандырған мозаиканың жетіспейтін элементі болып табылды. Экскурсия жүргізуші балаларды «АЛАШ», «АЛЖИР» залдары бойынша өткізді. Экскурсия барысында жастар «АЛЖИР»-дің ызғарлы суығы» деректі фильмін тамашалады. Онда қуғын-сүргін дәуірінің деректі куәліктері мен лагерь тұтқындарының естеліктері ұсынылды.

Жастарға бұдан басқа да мұражай объектілері де үлкен әсер етті: «Қайғы аркасы» монументі; «Қайғы мен үмітсіздік» және «Күрес пен үміт» атты екі композиция; «Көз жасы» стелласы; «АЛЖИР» лагерінің тұтқындарынан балаларды алып қою» диорамасы көрсетілетін барақ; «Естелік қабырғасы»; «Сталиндік вагон», сонымен қатар «АЛЖИР» тұтқындары болған 62 ұлт әйелдерін мәңгі есте қалдыру мақсатында шет мемлекеттердің елшіліктері орнатқан «Естелік белгілері».

Жастарға «Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «Алжир» мұражай-мемориалдық кешені» үлкен әсер етті. Өткізілген экскурсия жастарға өлкеміздің тарихын танып білуге және сезінуге, танымдық қызығушылығын кеңейтуге, еліміздің тарихына деген құрметін арттыруға мүмкіндік берді. Бұл сапарлар жас ұрпақты көп нәрсе туралы ойлауға мәжбүр етеді... 

Сапардан оралғанда жастар көргендерін қызығушылықпен талқылады.  Қарағанды жоғары политехникалық колледжінің оқытушысы Әліпбекова Шұға Жақсылыққызы кітапхана қызметкерлеріне экскурсия үшін алғысын білдіріп, осындай іс-шаралардың жастар үшін маңыздылығын атап өтті.