11 маусымда №48 ЖББОМ мектеп жанындағы лагерь оқушылары Ж. Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының балаларға қызмет көрсету бөліміне экскурсияға келді.

Экскурсия барысында балалар бөлім қызметкерлері дайындаған қызықты бағдарламамен танысты.

Бұл іс-шара кітапқа деген сүйіспеншілікті және ұқыпты қарауды қалыптастыруға арналған. Іс-шара барысында балалар кітапхана мамандығының негіздерімен танысып, кітапханалық жұмыстың көп еңбекті талап ететінін және маңызды екенін түсінді. Экскурсанттарға кітапхананы пайдалану және кітаппен жұмыс істеу ережелері айтылды.

Балаларға қазақ және орыс халық ертегілерінің кейіпкерлері туралы жұмбақтар шешу ұсынылды. Сондай-ақ, балалар «Смайлик бойынша тап» атты ойын-презентацияға қатысты. Сонымен қатар, «2019 жылғы кітап- мерейтойлары» атты презентация көрсетілді.

Кітапханашының кітапханадағы кітаптар өмірі туралы негізгі әңгімеден және бірлескен әңгімелесуден кейін оқушылар өздеріне ұнаған журналдар мен кітаптарды сөреден алып, қарап шықты.