20 маусымда Ж. Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының алаңында «Кітапхана гүлзары»- «Ашық аспан астындағы оқу залы» промоакциясы өтті.

Осы шара аясында Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың елді басқарудың жоғарғы лауазымында 30 жыл болуын атап өтуіне орай, маусым айының 17-нен 22-сі дейінгі аралықта Нұр - Сұлтан қаласындағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті музейінде «Нұрсұлтан Назарбаев-жасампаздық дәуірі» атты апталық өтуде. Елбасына деген ел құрметін айрықша айғақтауға арналған іс - шараға кітапханамыз да өз үлесін қосу мақсатында арнайы шара ұйымдастырды.

Кітапханының кітап қорындағы Елбасының өмірі мен қызметі, тарихи деректер, суретті альбомдар, журналдар, жаңадан келіп түскен әдебиеттер оқырмандар назарына ұсынылды.

Кітапхананың жасөспірімдерге қызмет көрсету бөлімі «Жаз қызығы - кітаппен» атты кітап көрмесін, викториналық ойындарды, балаларға қызмет көрсету бөлімі «Саябақ кітап оқуға шақырады» әдеби панорамасын, ақпараттық-библиографиялық бөлім «Денсаулық зор - байлық» анықтамалық әдебиеттерді, сирек кітаптар және қолжазбалар секторы «Ж. Бектұровтың жеке кітапханасындағы сирек кітаптар» көрмесін көпшілік назарына ұсынды. Жаздың жайма шуақ күнінде кітапханаға келген әрбір оқырман қызықты шараның куәсі болды. Балаларға арнайы ойын түрлері ұйымдастырылса, ересектерге «Отдохни» кеңеске толы әдебиеттерден құрылған кітап топтамалары таныстырылды. Ал сәбилер үшін ойыншықтар алаңы да ұйымдастырылды. Осы шараға «ТАМШЫ» қайырымдылық қоры мен «БОТА» интеллектуалды жастар орталығының мүшелері өлеңдері мен әндерін тарту етті.