«КІТАПХАНА ГҮЛЗАРЫ» - «АШЫҚ АСПАН АСТЫНДАҒЫ ОҚУ ЗАЛЫ» ПРОМОАКЦИЯСЫ

18 шілдеде Қарағанды облыстық балалар клиникалық ауруханасының ауласында Ж. Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы ұйымдастырған «Кітапхана гүлзары» - «Ашық аспан астындағы оқу залы» промоакциясы өтті.

Жазғы оқу залының басты мақсаты - кітапхананы оқырмандарға барынша жақындату, қала тұрғындарының оқуы мен демалуына қолайлы жағдай жасау. Кез келген адам осы күні оқырман бола алды.

Іс-шараға дәстүрлі түрде оқырмандарға қызмет көрсететін кітапхананың барлық бөлімдері қатысты. Жастарға қызмет көрсету бөлімі келушілердің назарына мынадай кітап көрмелерін ұсынды: «Жаз қызығы - кітаппен», «Ұлы даланың жеті қыры», «Көркем әдебиет». Балаларға қызмет көрсету бөлімі «Саябақ кітап оқуға шақырады» атты әдеби көріністі безендірді; ақпараттық-библиографиялық бөлім «Денсаулық зор - байлық» анықтамалық әдебиеттер көрмесін ұсынды; сирек кітаптар, қолжазбалар және мұражай жәдігерлері бөлімшесі «Ж. Бектұровтың жеке кітапханасындағы сирек кітаптар» атты көрмені ұсынды. Әр түрлі хоббиі бар, білімқұмар адамдар үшін қолөнер, техникалық шеберлік, аспаздық іс жөніндегі әдебиеттер және т. б қызықты кітаптар ұсынылды. Жазғы әдебиет топтамасы және жақсы ауа-райы кітап сүйгіштерге тамаша көңіл-күй сыйлады.