2019 жылы Қазақстан прозашы, ақын, публицист, сыншы, сатирик С. Ерубаевтың 105 жылдығын атап өтеді. Қызыққа толы өмірі небәрі 23 жаста болғанда күрт үзілді. 1934-1935 жылдар аралығында жазушы Қарағанды жерінде жұмыс істеді. Ол өзінің көптеген шығармаларын кеншілер астанасы мен шахтерлерге арнады.

Қазіргі уақытта елімізде С. Ерубаевтың өмірі мен шығармашылығына қызығушылық артты, ал оның шығармалары жаңа тұрғыдан оқылып жатыр.

19 тамыз күні Ж. Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында Саттар Ерубаевқа арналған «Кемелденген дарын» тақырыптық папкасының таныстырылымы өтті. Папкаға бірнеше жыл бойы Жайық Бектұров жинаған материалдар кірді.

Сирек кездесетін кітаптар, қолжазбалар және мұражай жәдігерлері бөлімшесі дайындаған шараға спорттағы дарынды балаларға арналған Әлия Молдағұлова атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының оқушылары қатысты.

Таныстырылым барысында балалар С. Ерубаевтың өмірінен көптеген қызықты деректер білді. Мысалы, ол 1935 жылы Қазақстан журналистерінің 1-ші съезін ұйымдастырушылардың бірі болды, сондай-ақ Қазақстандағы Ленин комсомолы сыйлығының бірінші лауреаты болды.

Балалар қазақ және орыс тілдерінде жазылған сарғайған газет үзінділерін қарап шықты. Бұл өткен ғасырдың 60-90-жылдарындағы жергілікті және республикалық газеттерінен алынған жазбалар. Әрбір газет үзіндісінде Ж. Бектұровтың қолымен жасалған жазбаларды, қысқаша ескертулерді көруге болады. Папканың ішіне: Шәкіровтің «С.Саттар және оның Қарағандылық замандастары» мақаласы, Ж.Бектұровтың «Зрелый талант» мақаласы, Ю. Попов, Ж.Бектұровтың : «Продолжаю работать...», «Славят горняцкий труд», «Саттар Ерубаев (фотошежіре)» атты мақалалары ж.т.б. енді.

Кітапханашы оқушыларға Жайық Бектұровтың Саттар Ерубаевпен жеке танысуы туралы айтты. Балалар Ж.Бектұровтың жеке кітапханасынан «Писатели Казахстана: Биографические справки» (Алма-Ата, Каз.гос.издат.худож.лит.,1958ж.) кітабын көрді. Бұл кітапта С. Ерубаев туралы баяндайтын бетте Жайық Кәгенұлы қолымен жазылған: «Жеке жақсы білген едім...Дарынды кісі болды» деген жазуы бар.

Ж. Бектұровтың мұрағатынан 1986 жылғы «Қазақ әдебиеті» газетінен Саттар Ерубаевтың суреті жастардың қызығушылығын тудырды. 1932 жылғы суретте 18 жасар Саттар достарымен бірге түсірілген. Біз үшін С. Ерубаев қазақ жерінің көрнекті ұлы, жалындаған жас әнші болып есімізде қалады!

Шара соңында Ж. Бектұровтың мұражай-кабинеті бойынша экскурсия өткізілді.