2017 жылдың қазан айында Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тілі әліпбиін латын графикасына кезең-кезеңмен ауыстыру туралы жарлыққа қол қойды. Қазақстан халқы бұл бастаманы қолдайды. «Қазақ тілінің латын әліпбиіне көшу - рухани жаңғырудың негізгі кезеңдерінің бірі», - деп есептейді еліміздің қазіргі президенті Қасым-Жомарт Тоқаев. Қазіргі уақытта Қарағанды облысында қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру бойынша үлкен жұмыс жүргізілуде. Осындай іс-шаралардың бірі Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы ұйымдастырған латын қарпіндегі қазақ әріптерімен клавиатураларды сынақтан өткізу болды.

Іс-шараның мақсаты - компьютердің жаңартылған пернетақтасын пайдаланудың қолайлылығы мен тиімділігін анықтау.

2019 жылғы 26 тамызда Ж.Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері: директордың орынбасары Г. М. Алдонгарова және сирек кездесетін кітаптар, қолжазбалар және мұражай жәдігерлері бөлімшесінің кітапханашысы Ж. И. Катаева апробацияға белсенді қатысты.

Оларға жаңа пернетақтаны алғашқылардың бірі болып сынау мүмкіндігі ұсынылды. Байқау барысында қатысушылар компьютерде қысқа мәтіндерді теріп, сауалнамадан өтті. Содан кейін барлық қатысушылар жазбаша түрде жаңа пернетақта бойынша өз тілектері мен ұсыныстарын білдірді. Апробацияның барлық нәтижелері латын әліпбиіндегі қазақ әліпбиінің негізгі ережелерін одан әрі әзірлеу кезінде ескерілетін болады.