Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы дәстүрлі шараның бірі 29 тамызда «Кітапхана гүлзары» - «Ашық аспан астындағы оқу залы» промоакциясын өткізді.

Жастарға қызмет көрсету бөлімі келушілердің назарына «Жаз қызығы - кітаппен», «Ата заң - еліміздің еңсесі». Балаларға қызмет көрсету бөлімі «Саябақ кітап оқуға шақырады», «Еңбегі ерен кеншілер» - «Добытчики солнечного камня»,  ақпараттық-библиографиялық бөлім «Денсаулық зор - байлық» анықтамалық  әдебиеттер көрмесін ұсынды.

Іс-шара қала тұрғындарына шахтерлар күніне арналып, Қазақстан Республикасының Конститутциясы күніне орай ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаттары мен міндеттері: кітап оқуды алға жылжыту; мәдениет пен өркениетті сақтаудың және дамытудың құралы – кітапқа және кітап оқуға балалар мен жасөспірімдердің жағымды көңіл-күйін қалыптастыру; еліміздің тарихы, мәдениеті жөніндегі әдебиетін насихаттау; ақпаратқа еркін қол жеткізуді қамтамасыз ету.

Кітапханамыздың жасөспірімдерге қызмет көрсету, ақпараттық-библиографиялық және балаларға қызмет көрсету бөлімінің қорындағы журналдар және жаңадан келіп түскен көркем әдебиеттер көше жүргіншілерінің назарына ұсынылды. Оқырмандарды тіркеу секторы кітапханалық жарнамалар, ақпараттық қағаздар және флаерлер таратты. Кітапханашылар қала жұртшылығына кітапханадағы қызметтер жұртшылықпен сауалнама жүргізіп, бүлдіршіндермен сұрақ-жауап ойындарын өткізді. Жазғы уақытта өткізілетін қызықты іс-шаралар туралы ақпараттар беріп, кітапхана оқырманы болуға шақырды.

Жазғы оқу залының жұмыс күндерінде қала тұрғындары кітапхана қорының кітаптары мен мерзімді басылымдарымен таныса алды.

Іс-шараға С.Саттаров атындағы №57 мектеп-лицейінің 6 «Б» сынып оқушыларыда қатысты. Кітап оқуға деген өз ой пікірлерін ортаға салып, өз көзқарастарын білдірді. Барлық балалар пайдалы ақпаратпен танысып кітапханамызда экскурсиямен жалғасты.