6-шы қыркүйек күні Ж.Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы «Қырғыз ертегілерін оқимыз» атты халықаралық акцияға қатысты. Акцияны өткізудің бастамашысы «В. Ф. Потанин атындағы Қорған облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы» МБММ болды.

Бұл акцияның мақсаты - түркі халықтарының ерекше фольклорын насихаттау болып табылады.

Балаларға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Зарубекова Жарқынай Муслимовна, кітапханашы Аширова Алтынай Рамазановна  № 48 ЖББОМ және № 97 гимназияның оқушылары кітапхананың жас оқырмандарын қырғыз халық ертегілерімен таныстырды.

Шараға «Айналайын» бала-бақшасының ересек тобының балалары және тәрбиеші Давыдова Елена Николаевна, сонымен қатар Қарағанды қаласы мектептерінің бастауыш мектеп және орта сыныптар оқушылары қатысты.

Мектеп жасына дейінгі балаларға «Қазақстан халықтарының ертегілері» жинағынан «Мальчик-с-пальчик» ертегісі оқылды. Оған түрлі ұлт халықтарының ең үздік ертегілері кірді. Ертегінің басты кейіпкері өзінің батылдығымен және тапқырлығымен балаларды таңғалдырып, үлкен әсер қалдырды.

Акция барысында  мектеп оқушылары мен орта сынып оқушылары қырғыз ертегілерін үлкен ықыласпен тыңдады. «Қырғыз сиқырлы ертегілері» жинағынан Королева Ульяна № 97 гимназияның 7-ші сынып оқушысы, осы жинақтан «Нежная красавица – дочь плеяд» атты ертегісін Феттер Виктория №97 гимназияның 6-шы сынып оқушысы, «КСРО халықтарының ертегілері» жинағынан «Чолпон» атты қырғыз ертегісін Коновалова Инесса № 48 ЖББОМ 4-ші сынып оқушысы оқыды. Ертегіде Чолпон есімді ерекше сұлу қыз өзінің батылдығымен көптеген өмірлік қиыншылықтарын жеңеді.

Акцияға барлығы 67 адам қатысты.