4-ші қыркүйек күні Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері Алматы қаласының Ұлттық кітапханасы мамандарының қатысуымен кітапханашылардың кәсіби кездесуіне қатысты. Іс-шара Н. В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында өтті. Кездесуге әдебиетті іріктеп жинақтау бөлімінің мамандарымен қатар, бағдарламашылар, библиографтар және әдіскерлер шақырылды.

Шараға қатысушылардың назарларына ҚР ҰК қызметкерлері «Кітап қорын толықтыру және «Web комплектованиие» бағдарламасы», «ҚР Ұлттық кітапханасының кітапханалық жіктеу жүйесі», әмбебап ондық жіктеу бойынша индекстеудің негізгі ережелері», «Анықтамалық-библиографиялық жұмыс және мәліметтер базасымен жұмыс» тақырыптары бойынша баяндамалар, осы тақырыптар бойынша әдістемелік ұсыныстарымен материалдар ұсынылды.

Іс-шара соңында диалогтық алаң өтіп, қатысушылар өз пікірлерін ортаға салып, сұрақтар қойды. Кәсіби кездесуді қорытындылаған Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды ОӘҒК ғылыми хатшысы - Пак Валентина Иосифовна.

Кітапханашылардың кездесуі Алматы қаласындағы мамандардың жұмыс тәжірибесімен танысуға, сонымен қатар ақпаратпен алмасуға, байланыс орнатуға және одан әрі ынтымақтастық бағыттарын айқындауға мүмкіндік берді.