12 қазанда Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері «Бірге Жасыл Қазақстан» кең ауқымды экологиялық акциясы аясында қаламыздың «Көгілдір тоған» шағын ауданы мен Оңтүстік-Шығыс арасында жаңадан салынып жатқан нысан триатлон саябағына ағаш отырғызуға қатысты.  Бұл жер серуендеуге арналған саябақ  болады. Жаңа триатлон  паркінде жүгіруге және велосипед тебуге арналған жолдар мен фонтандар салынады.  Қаламыздың көгалдануына қатысты экологиялық акцияға қарағандылықтар белсене ат салысты. Қаламызды көркейтіп, көгалдандыруға  өз септігімізді тигізейік!

#Birge #JasylQazaqstan