Дәстүр бойынша Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасының балаларға қызмет көрсету бөлімі қаламыздың балабақшаларында «Кітап - білім көзі» атты дауыстап оқу циклін жалғастыруда.

Дауыстап оқу дегеніміз – бұл әр түрлі кітаптарды дауыстап оқу және оқылған шығарманы талқылау. Дауыстап оқулар кітаппен қарым-қатынастың ең жемісті тәсілдеріне жатады. Кіші жастағы балалар үшін мұндай шаралар әсіресе пайдалы.

Дауыстап оқудың мақсаты - оқылған әдебиетпен үнемі қарым-қатынас жасауға үйрету, кітапқа деген қызығушылық, махаббат пен құштарлық тудыру.

16 қазанда бүкіл әлем ағылшын жазушысы О. Уайльдтың (1854-1900) туғанына 165 жыл толуын атап өтті. «Айсұлу» бөбекжай - бақшасының «Арман» орта тобының балалары үшін дауыстап оқулар осы күнге арналды.

 Балалар бақшасының тәрбиеленушілерімен кездесуді кітапхана қызметкерлері ағылшын жазушысының шығармашылығына және оның «Соловей и роза» ертегісін оқуға арнады. Алдын ала балалар аудиториясы үшін «Ал сен ертегіні білесің бе?» атты әңгіме өткізілді. Балалар қойылған сұрақтарға үлкен қызығушылықпен жауап берді және көптеген ертегілермен таныс болғандығы көрініп тұрды.

Содан кейін кішкентай оқырмандар «Соловей и роза» ертегісін мұқият тыңдап, тыңдалған шығарманың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап берді.

Кездесу соңында балалар О. Уайльдтың шығармашылығына арналған «Ағылшын жазушысы және ақыны» атты тақырыптық кітап көрмесімен танысты.