19 желтоқсан Ж.Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасының балаларға қызмет көрсету бөлімінде кітапханамыздың кішкентай оқырмандары үшін «Алақай, қыс келді - Хороша ты, зимушка - зима!» атты жұмбақ - кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Барлық балалар қысты жақсы көреді. Ең сүйікті балалар мерекесі - бұл, әрине, Жаңа жыл, оның қарсаңында балалар сүйікті ертегі кейіпкерлерімен ерекше ғажайыптар мен кездесулерді күтеді.

Жаңа жылдық мерекеге арналған кітап көрмесі кішкентай оқырмандардың назарларын әдемі мұқабалармен тартқан тақырыптық топтамамен қуантты. Кітапханашы жас оқырмандарға «Новогодние сюрпризы» кітабынан жаңа жылдық қызықты оқиғалар туралы айтып, балаларды «Два мороза», «Снегурочка», «Морозко», «Снежная королева» ертегілерінің басты кейіпкерлерімен таныстырды.

Жас кітапсүйер қауым кітапханашының жаңа жылдық қар, шырша және аңдарды дайындау бойынша мастер - класқа қатысу ұсынысын үлкен ықыласпен қабылдады.

Кездесу соңында балалар тәтті сыйлықтармен табысталып, 2020 жылы жаңа кітаптармен қызықты кездесулерге шақырылды.