6 желтоқсан күні балаларға қызмет көрсету бөлімінің оқу залында жас оқырмандар үшін «Туған жерге сәлем - Привет родной земле» (Сарыарқаның киелі жерлеріне саяхат) атты виртуалды таныстырылым көрсетілді.

Іс-шараның мақсаты: өлкетану білімін тарату, туған өлкесінің барлық сұлулығын толық ашу, туған жерге деген сүйіспеншілікті, ұқыпты қарауды, Сары - Арқа табиғатының ерекшеліктерімен таныстыру.

Кездесу барысында жүргізушінің әңгімесінен балалар жер қойнауы пайдалы қазбаларға бай Сары-Арқа (Қазақтың ұсақ шоқысы) Орталық Қазақстан аумағының көп бөлігін алып, ең көркем жерлердің бірі екенін білді. Біздің өлкеміздің ежелгі жерлері туралы көптеген аңыздар мен әндер бар. Кітапханашы балаларға осындай аңыздардың бірі - «Бектау ата – өзенді тоқтатқан қария туралы аңызды» айтып берді. Аңыздың басты кейіпкері-өзінің барлық дұғаларын, барлық әрекеттері мен сөздерін халыққа қызмет етуге арнаған киелі қария. Ұлы қария туған өлке үшін күресте батылдықтың, ерліктің, төзімділіктің үлгісі болып табылады. Балалар аңызды үлкен ықыласпен және қызығушылықпен тыңдады.

Одан әрі таныстырылым барысында балалар Сары-Арқаның киелі жерлерін тамашалады. Бектау-Ата, Ұлытау, Ақмешіт шыңындағы әдемі таулы алқаптары көрсетілді. Кітапханашы балалардың назарларын Қызыларай жотасының гранит шыңына аударды: себебі дәл осы жерде, Қызыларай тауларында, Сары-Арқаның ең биік нүктесі – Ақсораң шыңы орналасқан.

Іс – шара соңында туған өлкем, туған жерім – дүние жүзіндегі ең жақсы жер екендігі туралы айтылды. Біз оның өркендеуі мен гүлденуіне жауапты болуымыз керек.