15 қаңтарда балаларға қызмет көрсету бөлімінде №8 ЖББОМ екінші сынып оқушылары үшін «Кітапхана елі мені әрқашан күтеді» атты экскурсия ұйымдастырылды. Оқушылар экскурсия барысында кітапхана ережелерімен танысты, сөрелерде кітаптардың қалай орналасқанын білді.

Оқу залының қызметкері Жақыпова Гүлімжан Рымханқызы кішкентай кітап сүйгіштерді кітап көрмелері мен көріністерімен таныстырды. Әсіресе, балалардың назарларын «Біздің кеншілер қаламыз – Қарағанды» көрмесінде орналастырылған басылымдарға аударды.

Кітапханашы балаларға сүйікті қаламыздың атақты адамдары мен көрікті жерлері туралы әңгімеледі. Сонымен қатар балалар журнал қорының байлықтарымен танысып, кітапхана іс - шараларына, клубтарға шақырулар алды.