5 ақпан күні Қарағанды қаласының туған күні қарсаңында, жасөспірімдердің қатынастары және көпшілік жұмыс бөлімінің қызметкерлері Қарағанды кәсіптік-техникалық колледжінде 1-ші курс оқушылары үшін "Өлке тарихындағы есімдер" атты виртуалды өлкетану дилижансын өткізді.

Қарағанды бүгінгі-тамаша заманауи қала. Сүйікті қаланың тарихын зерттеу жыл сайынғы виртуалды саяхаттың негізгі тақырыбы болып табылады.

Өлкетану дилижансы Қарағандыдағы тамаша жайлы көшелер мен даңғылдары бойынша виртуалды серуен жасап, іс-шараға қатысушыларды мерейтойлық күндері ағымдағы жылы аталып өтетін белгілі тұлғалардың өмірбаянымен және кәсіби қызметімен таныстырды.

Қарағанды көмірін алғаш ашушы Аппақ Байжанов, ақын, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері Доскей Әлімбаев, қоғам қайраткері, ағартушы және меценат Мұхамедхан Сейтқұлов, жазушы, қазақ әдебиетінің классигі Сәбит Мұқанов туралы қызықты әңгіме болды.

Іс-шараның екінші бөлімінде кітапханашы Н. Ф. Шмойлова балаларға "Менің қалам - Қарағанды" слайд-шоуын көрсетті.

Студенттер қызықты және танымдық "Қарағанды ескерткіштері" фото-экскурсиясына қатысты. Балалар қала ескерткіштерінің орналасқан жерін, олардың атауларын, авторлардың және сәулетшілердің аттарын анықтады.

Сонымен қатар, жүргізуші оқушыларды «Қазыналы құтты өлкем Қарағанды» - «Сокровища родного края - Қарағанды» атты ашық көрмесінде ұсынылған кітапхананың Өлкетану қорымен таныстырды.

Іс-шара көптеген танымдық ақпараттардан тұрды және ешкімді бей-жай қалдырмады. Студенттер кітапханашыларға қызықты іс-шара үшін алғысын білдірді: "Енді қала бойынша қыдыра отырып, көше атаулары біз үшін тек қала тарихында ғана емес, жалпы ел тарихында жарқын із қалдырған тамаша тұлғалармен байланысты болады".

Осындай іс-шараларды өткізе отырып, кітапханашылар басты міндет атқарады: оқырмандардың өлкетану бойынша білімдерін кеңейтеді, оқырмандардың қызығушылығын ынталандырады, жастардың танымдық және шығармашылық белсенділігін арттырады.