14 қарашада сағат 11.00-де Ж. Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында латын әліпбиінде «Жалпыхалықтық диктант» өтті. Диктант Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 637 Жарлығына және Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің 2018 жылғы 13 наурыздағы № 27 өкімімен бекітілген «Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңмен көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспарына» сәйкес өткізілді.

Диктантты өткізу кезінде барлық әдістемелік нұсқаулар сақталған.

 Диктантты жазудан 15 минут бұрын тыңдаушылар латын графикасындағы қазақ тілінің алфавитімен (әсіресе қазақ тіліне тән дыбыстарды  жазумен) танысты, жаңа әліпбиі бар парақтар мен арнайы жазба парақтар таратылды. Диктант  сағат 11-де басталып, 30 минутқа созылды.

Диктант аяқталғаннан кейін бағаланды.

Кітапхана ұжымы диктант жазу идеясын белсенді қолдады.

Диктант басталмас бұрын аталған акцияны өткізу латын графикасындағы қазақ тілінің жаңа әліпбиін меңгеруге қуатты серпін береді, тілді үйренуге деген қызығушылықты арттырады деген пікір айтылды.

Диктантты аяқтағаннан кейін акция қатысушылары латын графикасындағы қазақ тілінің жаңа әліпбиін практикалық меңгеруде үлкен тәжірибе алғандығын және латын графикасындағы қазақ тілінің әліпбиін жетік меңгеруге ниет білдірді.