«Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында, сондай-ақ «Маржан» гуманитарлық лекторийінің жалғасы ретінде тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған мектеп-интернаттың оқушылары үшін 2018 жылғы 7 ақпанда  «Қарағанды – еңбекпен даңқты қала» атты өлкетану дилижансы ұйымдастырылды. 

«Виртуалды саяхат» тағдырлары өлкеміздің тарихымен байланысты мерейгер жерлестерімізге, қаламыздың тарихына, Қарағанды қаласында салынған сәулет ескерткіштеріне арналды.  

Іс-шараның бірінші бөлімі үш атақты тұлғаға - 2018 жылғы мерейгерлеріне арналды. Солардың ішінде: ХVIII ғасырдың қазақ әдебиетінің белгілі ақыны, жырау, би – Бұқар жырау- 350-жылдығы, біздің қаламыздың іргетасын салушыларының бірі, Социалистік еңбек Ері Язев Василий Иванович - 105-жылдығы, Кеңес Одағының батыры, жерлесіміз Мартбек Мамраев - 110 жылдығы.

Бұл адамдардың тағдырлары Қарағанды қаласының тарихымен қалай байланысқан, қандай үлестері үшін қала көшелеріне олардың аттары берілген екен? Осының барлығын балаларға  Ж.Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының жасөспірімдердің қатынастары және көпшілік жұмыс бөлімінің меңгерушісі Шмойлова Н.Ф. баяндап берді.

Өлкетану дилижансының екінші жартысында шара жүргізушісі  қатысушыларға қаламыздың тарихымен таныстыратын «Атамекен» мультимедиялық құралын, «Менің Қарағандым» слайд-шоуын ұсынды. Ж.Бектұров атындағы кітап қоры мынандай тақырыптық материалдармен ұсынылды: кітаптар, альбомдар, мультимедиялық құралдар.

Іс-шараның соңында балалар «Қарағанды ескерткіштері» бейне-фото-экскурсына қатысты. Қаламыздың қандай ескерткіштерін білесіңдер? – сұрағына жауап бере отырып, балалар оларды берілген бейнеқатарда тауып, қаламыдың қай жерінде орналасқанын айтты және авторлар-мүсіншілердің аттарын айтуға тырысты. Сонымен бірге, балалар қаламыздың көшелерінде жаңадан қойылған ескерткіштер туралы ақпаратпен танысты.

Біздің кітапханамызда өз бастауын алған «Өлкетану дилижансы» жыл сайын Қарағанды көшелерімен виртуалды саяхаттар жасап, қала жастарының үлкен қызығушылықтарын танытады, туған өлкеге деген мақтаныш, сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелейді.